"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


16.09.2022

Жұртшылық сенімі – жауапты міндет

Қазіргі кезде елімізде халыққа жедел әрі сапалы қызмет көрсетуде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ алатын орны ерекше.  Әр аймақтағы Қор филиалдарының көмегіне жүгінетін халықтың қарасының көптігі де осы тұжырымымыздың дәлелі. Киелі Түркістан шаһарындағы «БЖЗҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалы да тұрғындарға тынымсыз қызмет көрсетіп келе жатқан құрылымдардың бірі. Мұндағы ел-жұртқа қолайлы жағдай қалыптастырып, жұмысты жауапкершілікпен атқаратын қызметкерлердің еңбегі де ерен. Осы орайда, әрбір салымшының сенімді серігіне айналған аталмыш филиалдың  қарбалас тіршілігімен толығырақ танысудың сәті түсті.

Таңғы сағат тоғыздан кешкі сағат алтыға дейін жұмыс істейтін мекемеге келген бойда бізді «БЖЗҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары Асылбек Ошанов күтіп алды. Жылы шыраймен қарсы алатын қызметкерлерді көргеннен-ақ  ғимараттың жайлы ауанын  бірден сезінуге болады. «БЖЗҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалының директоры Қайрат Кенбаев бастаған ұжымның қарқынды жұмысына қанық болу үшін Асылбекті әңгімеге тарттық.

– Бекзат Саттарханов даңғылында орналасқан біздің филиал қала халқына сан алуан қызмет түрлерін ұсынып келеді. Осы облыстық филиалдан бөлек аудандарда қызмет көрсету орталықтары бар. Оларға Арыс, Жетісай, Ордабасы, Келес, Мақтаарал, Созақ, Кентау, Бәйдібек, Шардара, Қазығұрт, Сарыағаш, Отырар аудандары жатады. Бұл мекемелердің де аудан, қала тұрғындарына айтарлықтай сапалы қызмет көрсетіп жатқанын айта аламыз,– дейді Асылбек Ошанов.

Қолжетімді қызмет

Осы тұста кіреберісте көпшіліктің мәселесіне байыпты жауап беріп жатқан мамандардың мәдениеттілігі мен жылдамдығына қайран қалдық. Шаруаңызды айналдырған бес-он минутта шешіп беретін нағыз қызу жұмыс операциялық бөлімде екен. Операциялық бөлім жұмысының жай-жапсарын бізге Назерке Керімбекова есімді маман таныстырды:

– Біз азаматтарға қандай қызметтерді алуға болатынын жеткіземіз. Мысалы, кейбір азаматтар төлқұжатын немесе басқа да құжаттарын ұмытып кетіп жатады. Дегенмен біздің мекемеде қызметтер барынша ыңғайлы болуы үшін цифрлық құжатпен де қабылдау қарастырылған. Мобильді қосымшамен байланыстыру қызметі арқылы азаматтар жұмысқа қабылданатын және өзге де жағдайларда анықтамаларды онлайн түрде ала алады. Одан бөлек мұрагерлікті қабылдау, яғни, қайтыс болған азаматтардың ақшаларын туған-туыстарына бөлу, аннуитет және төлем қабылдау түрлері бар,–дейді маман.

 Бір қызығы, операциялық бөлім қызметкерлерінің  жұмысты бір сәтке болса да тоқтатпайтынын аңғардық. Тіпті түскі ас кезінде де мұндағы мамандар ауысым арқылы жұмыс жүргізіп, тұрғындарға талмай қызмет ұсынады.  Қолжетімді мүмкіндіктердің бәрі қарастырылған бөлімдегі «өз-өзіне қызмет көрсететін орын» арқылы  келушілер қысқа уақытта алған ақпараттарды тәжірибеде сынап көре алады. Мысалы, зейнетақы жинақтарының сомасын, зейнетақы шотының қозғалысын осы орында отырып әркім өзі орындай береді. Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасын қалай қолдану туралы да барлық деректі меңгеруге мүмкіндік бар.  Қолжетімді қызметтерге кері байланыс та жатады. Тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтардың жауабын  байланыс орталығына хабарласып немесе әлеуметтік желідегі парақшаларға жазып біле алады. Ал Қор сайтындағы «Байланыстар» бөлімінде орталық аппараттың және өңірлік желілердің қызметтік кеңселерін, байланыс нөмерлері мен мекенжайларын оп-оңай анықтауға болады.

Жаңа технология

Тұрғындар иігілігіне жұмыс жасауда «БЖЗҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалында заманауи технологиялар тиімді қолданылатынына көзіміз әбден жетті. Атап кетсек,  Қор сайтындағы зейнетақы есептегіші(калькуляторы) арқылы қолданушылар келешектегі зейнетақысын есептей алады. Ол үшін керекті көрсеткіштерді толтырсаңыз болғаны, болашақ зейнетақы жинақтарының сомасы автоматты түрде есептеледі. Киелі Түркістан қаласының қақ ортасында орналасқан филиалға қарасты бір бөлімнің қызмет ауқымымен таныстыруды аяқтағаннан кейін Асылбек Ошанов келесі бөлімдердің жұмыс тәртібі туралы одан әрі егжей-тегжейлі баяндап берді.

Сол арқылы халыққа сапалы қызмет ұсынуда облыстық филиалдың Барып қызмет ету бөлімінің де маңызы зор екенін байқадық. Әдеттегі жұмыс барысы бойынша бөлім мамандары түрлі мекемелерді аралап, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл жолы да қызметкерлер  күнделікті қызмет бабымен жүргендіктен, негізгі міндеттерді бөлім басшысының міндетін атқарушы Әйгерім Қасымбекова айтып берді:

– Барып қызмет көрсету бөлімінің арнайы техникалармен жабдықталған  тобы қаладағы мекеме басшыларымен келісе отыра қызмет көрсетеді. Бұл топтың қызметіне түсіндірме жұмыстары жатады. Халыққа зейнетақы қорында орын алған өзгерістер жайында ақпараттар беріп, әрбір салымшыны жеке қабылдайды. Егер қабылданушының  деректері (телефон нөмірі, мекенжайы) ауысқан болса, сол жерде барлық деректерді өңдеп, салымшының зейнетақы қорынан үзінді көшірмелерін  алуына көмектеседі,–дейді бөлім басшысының міндетін атқарушы.

Сонымен қатар, Қор сайтына халықтың әлеуметтік осал топтарынан түскен өтініштер бойынша өтініш берушімен байланысып, белгіленген уақыт аралығында қызмет көрсету де осы топтың міндетіне жатады. Әйгерім ханымның айтуынша, арнайы бекітілген жоспар бойынша барып қызмет ету бөлімі бір айда шамамен Түркістан қаласындағы 14 мекемені аралайды. Демек, бір тоқсан бойына мамандар шаһардағы 42 мекемеде жиналыстар өткізіп, түсіндірме жұмыстарын өткізеді. Мұның бәрі Түркістан облысы әкімдігі мен БЖЗҚ-ның арасындағы меморандумның арқасында жүзеге асып келеді. Қала мен аудандарда жиналыстарды ұйымдастыру да арадағы келісім бойынша облыс әкімдігінің қолдауымен жасалуда. Бұған қоса филиалдың аудандық қызмет көрсету орталықтары тұрғындарды толық қамти алмағандықтан, бөлім мамандары шалғай ауылдарға іссапарға шығып, қызмет түрлерін көрсетеді. Мысалы, қыркүйек айында Ордабасы және Жетісай аудандарының шалғай ауылдарына барып қызмет көрсету жоспарлануда.

Азаматтарға арналған «ашық есік» күндері

Қордың мақсат-міндеттері мен Қор сайтының жұмысымен танысқан соң, Асылбек Ошановтан «Халықтың қаржылық-құқықтық сауатын ашуға арнайы бағдарлама немесе акциялар өте ме?» деп сұраған едік, дереу әр тоқсан сайын өтетін «Ашық есік» күндері туралы мол ақпарға қанық болдық. Филиал басшысы орынбасарының айтуынша, әр тоқсан сайын өтетін атаулы іс шараның тақырыптары да әртүрлі болады. Былтырдан бері бұл күн онлайн форматта ZOOM, Webex платформалары арқылы жүргізіліп келеді екен. Осы тоқсанға арналған қыркүйек айының 29-ы күні өтетін «Ашық есік» күні заңды тұлғаларға, оның ішінде орта және шағын бизнес өкілдеріне арналмақ. Арнайы іс шара барысында филиал мамандары азаматтарды зейнетақы жүйесімен таныстыра отыра, қатысушыларға «заңды тұлғаның кабинеті» сервисін, қосымша функцияларды үйрететін болады. Ал бұған дейін филиалда  «Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?» атты тақырыпта инвестициялық басқару туралы ақпараттар мен түсіндірме жұмыстары жүргізілген екен. Әр кезең сайын іске асатын жобаның маңызы – қазақстандықтарға пайдалы кеңес беру. Дәлірек айтсақ, әр азамат өзінің қаржылық сауатын дамыту арқылы қазіргі және болашақ қаржысын басқаруды үйрене алады.

Ерікті жарна – ертеңге инвестиция

 Көп деңгейлі зейнетақы жүйесі іске қосылған Қазақстан Республикасындағы зейнетақы төлемдерін, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) және жұмыс берушілердің зиянды жағдайда еңбек ететін қызметкерлері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) қарастыра отырып, филиал қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын кеңінен насихаттап келеді. Зейнетақы жүйесінің болашақтағы, қазіргі уақыттағы маңызы да осы мәселеге тікелей байланысты. Себебі, БЖЗҚ-ға дер шағында жасалған аударым, төлемдердің болашақта әр азаматтың өзіне қызмет ететінін ұмытпаған абзал. Қазіргі кезде салымшылар зейнетақы қорындағы ақшаларын көбейтіп, оның қозғалысын басқару үшін ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) төлеуге де мүмкіндік ала алады. Айта кетейік, ерікті зейнетақы жарналарын жеке тұлғалар өз пайдасына және  үшінші тұлғаның пайдасына салуына болады. Оны заңды тұлғалар өз қызметкерлерінің пайдасына да төлей алады. Бір артықшылығы, ЕЗЖ мөлшері мен төлеу кезеңдерін жеке және заңды тұлғалар өз беттерінше белгілеп, айналымға қосады. Айналымдағы қаражаттардан салымшы шотына инвестициялық табыстың түсетінін де ұмытпаған жөн.

Осылайша, «БЖЗҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалының бір күндік тыныс-тіршілігімен танысып, Қордың салымшылар мүддесі үшін  қаншалықты жылдам әрі сапалы қызмет атқарып жатқандықтарына көз жеткізіп қайттық. Атап кететін жәйт, Қор  зейнетақы жинақтарының жай-күйі мен қаржылық жағдайы туралы мəліметтерді ашық ақпарат көздерінде әрдайым жариялап отырады. Бұл салымшылардың қаржыларын сенімді есепке алуды және барлық қажетті зейнетақы қызметтерімен қамтамасыз етуді көздейтін Қордың басты артықшылығының бірі десек болады. Бір сөзбен түйіндегенде, филиал ұжымы облыс  тұрғындарына күн сайын қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді.


Толығырақ:  yassy-tur.kz


Тізімге оралу