"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


25.08.2022

Зейнетақы қоры - қадірлі қарттыққа қадам!

Қазақстандықтарелдің қарыштап дамуына, өсіп-өркендеуіне екпінді үнін, өршіл лебін қосып, ерен еңбекпен есейіп келеді. Алайда, кейбіреулері күйбең тіршіліктің қамын күйттеп жүріп, егде тартып, қарттықтың қамытын мойнына қалай іліп алғанын байқамай қалады. Қадірлі қарттыққа қадам жасаған кезде ғана бейнетінің зейнетін көріп, бала-шағасының, немере-ұрпақтарының қызығына бөленіп, көп жылғы еңбегінің жемісін татуды армандайды. Осындайда еліміздежүйелі жұмыс істеп жатқан «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» көмекке келеді. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» - кең байтақ еліміздің халқына сыйланған мол мүмкіндік, болашағына құйылған зор инвестиция. Айдан алқа, жұлдыздан жүзік тағып жүрген жастық шақта қарттықтың ауылы әлі алыс деп, зейнетақы жайында көп ойлана бермейсің. Ал,егделікке жақындаған орта буын өкілдері қызметпен қоштасар уақытын есептеп қана қоймай, зейнетке шыққандағы жасын, жиған қаржысын, ай сайынғы алар зейнетақысын біліп, тұрақты есебін жүргізіп отырады. Зейнетақы – әрбір адамның көкейін тесіп, көңілін сан саққа жүгіртіп, толғандыратын маңызды әрі өзекті мәселе. Сондықтан да жастар жағы болашағын бүгіннен бастап ойлап, қолға алса, нұр үстіне нұр болмақ. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Маңғыстау облыстық филиалына бас сұғып, ондағы жұмыстың тыныс-тіршілігімен, жай-жапсарымен танысып, көрген кездегі көңілге түйген ойымыз осы болды. 2013 жылы тамызда құрылған «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» бүгінде қанатын кеңге жайған ауқымды мекемеге, орасан зор жауапкершілікті арқалаған сенімді құрылымға айналған. Оның басты мақсаты – халыққа тез, сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетіп қана қоймай, болашақ зейнеткерлермен сенімді және ашық қарым-қатынас ұстанып, озық технологияларды, заманауи жабдықтарды пайдаланып, қажетті ақпарат, мәліметтерге қол жеткізуге жәрдемдесу. Онымен қоса, зейнетақы қоры әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, ірі жобаларды, бағдарламаларды қолға алып, жүзеге асырып келеді. Мобильді қосымшалар, зейнетақы калкуляторы сынды жаңашылдықтар – соның дәлелі. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Маңғыстау облысындағы филиалының табалдырығын аттаған бойда, ондағы қызметкерлердің бір-бірімен сыйластығы мол, ауызбіршілігі берік орнаған орта екенін бірден білдім. Филиалдың бас директоры Айман Әубәкіровақор қызметімен егжей-тегжейлі таныстырып шықты: -Біздің филиал – Маңғыстау облысындағы басты кеңсе. Өңірдің халқына барынша қолжетімді, сенімді қызмет көрсету мақсатында аудандарда да шағын бөлімдер құрылған. Олар Жаңаөзен, Бейнеу, Форт-Шевченко, Шетпе және Мұнайлы аудандарында орналасқан. Бұл бөлімдер – қала-аудан халықтарына қызмет көрсету нүктелері деп аталады. Филиалдың құрамында барлығы 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Басты міндетіміз – халыққа зейнетақы қоры жүйесі туралы мағлұмат беру, толық әрі ашық түсіндіру. Біздің филиалда бірнеше бөлім жұмыс істейді. Оның екеуі халықпен тығыз қарым-қатынаста қызмет етеді. Бірі – операциялық бөлім болса, екіншісі –көшпелі қызмет көрсету бөлімі. Операциялық бөлімде отырған мамандарға халық қызықтырған сауалдарын қойып, қажетті қызмет түрлерін ала алады. Ал көшпелі қызмет көрсету бөліміндегі мамандар қаладағы мекемелерге барып, сонда насихат жұмыстарын жүргізіп, қор қызметі жайында түсіндіреді. Одан басқа бақылау мен шаруашылық бөлімдері бар. Бақылау бөлімі шетелге көшіп кеткен зейнеткерлерден сұраныс, хаттар түссе, соларды жіті тексеріп, пошта арқылы жауап береді. Әр бөлімнің өзіне жүктелген мақсат-міндеттері бар және ол мақсат-міндеттерді филиал қызметкерлері жоғары деңгейде атқаруға тырысып бағады. Заңда жаңа өзгерістер, жаңа толықтырулар орын алса, халықпен бірден бөлісеміз. Халықтың қаржылық сауаты, білімі жоғары болғанын қалаймыз, өзінің болашағын қазірден бастап сезінсе, қолға алса дейміз. Зейнетақы жарнасының үш түрі бар: міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті. Оның әрқайсысына тоқталар болсам, міндетті зейнетақы жарнасы –жұмыс істейтін салымшының жалақасынан аударылатын 10 пайызы болса, ерікті зейнетақы жарнасы - салымшының зейнетақы қорына өзінің табысынан ерікті түрде аударатын ақшасы болып саналады. Ал міндетті кәсіптік жарна – жұмыс беруші зиянды өндірісте еңбек ететін жұмыскердің еңбекақысының 5%-ы көлемінде өз табысынан зейнетақы қорына аударатын сомасы. Біздің филиал қызметкерлері келген әрбір адамға зор көңіл бөліп, әрбір сұрағына тұшымды әрі ашық жауап беріп, үлкен жауапкершілікпен, асқан мұқиятпен қызмет көрсетуге тырысады. Техниканың тілін жетік меңгерген жастар жағы үшін өзі-өзіне қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Бұл секторда бірқатар компьютерлер бар. Егер бір қиындыққа тап болса, қызметкерлеріміз жәрдем көрсетуге әрдайым әзір. Мүмкіндігі шектеулі жандар келсе, олардың ішке кіруіне арналған пандустар, қызметкерді шақыратын қоңырау сынды барлық жағдайлар қарастырылған. Үйге шақыратын жандар үшін де электрондық өтінім тастаса, мамандарымыз барып, қажетті қызметін көрсете алады,-деп түсіндірді ол. Ғимараттың төменгі қабатында халыққа қызмет көрсетіп жатқан операциялық зал орналасқан. Онда 13 маман жұмыс істейді. Әрқайсысының өзіне сай құзырлы қызметі, ілкімді ісі бар. Кең зал ішінде қаз-қатар тізіліп отырған мамандар қызу жұмысқа кірісіп кеткен. Бір маман келген салымшыларды жылы жүзбен қарсы алып, терминалдан қажетті терезеге талон алып беріп жатса, екінші қызметкер салымшының келген мәселесі бойынша жан-жақты түсіндіріп, қызмет көрсетуде. Мұнда келушілер зейнетақы жүйесі туралы ақпаратқа қанығып қана қоймай, қорға қатысты барлық қызмет түрлерін алуына мүмкіндік мол. Осыған орай, филиал жұмысымен етене танысу мақсатында операциялық бөлімнің маманы Талғат Жаңбырбаевты сөзге тарттық. -Мен 2021 жылдың күзінде осы зейнетақы қорына қызметке келдім. Операциялық бөлімнің басты мақсаты – жинақтаушы зейнетақы қорының кеңсесіне жүгінген тұлғаларға зейнетақы қызметтерін сапалы көрсету болып табылады.Күн сайынбөлімге әртүрлі сұрақтармен көптеген адам келеді. Өздерінің зейнетақы шоттарын көруге келгендерден бөлек, мүгедектік пен қайтыс болуға байланысты өтініштер де көп қабылданады. Жиналған ақшасын тұрғын үй сатып алу, ем алу мақсатында жұмсағысы келетін жандар да бар. Көпшілікті зейнетақы жөніндегі мәселелердің алаңдататыны анық. Бірақ, көпшілігі жұмысымен, шаруасымен бөлімге келуге қолдары тие бермейді. Сондықтан біздің қороларға барлық қызметтерді үйден шықпай-ақ алу мүмкіндіктерін ұсынып отыр. Үйінде компьютері мен қолында ұялы телефоны болса, салымшы «БЖЗҚ»-ның сайтына, мобильдік қосымшасына кіріп, өзіне тиісті ақпараттарды, қажетті қызметті ала алады. Ең бастысы, салымшылар қажетті деректерін енгізсе болғаны,-деді маман. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жүрегі саналатын операциялық бөлімнің мамандары келген салымшыларға зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша кеңес береді, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтініштерді қабылдайды, жеке және заңды тұлғалармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасайды.Сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау, зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтініштерді қабылдайды, тексереді және тіркейді. Онымен қоса қор салымшысының жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмелерді береді. Міне, осындай маңызды істермен айналысатын бөлім қызметкерлерініңжемісті жұмыстары осымен тынбайды. Олар әрбір салымшыға қадірлі қарттыққа жету үшін ай сайын зейнетақы жарналарын тұрақты әрі қомақты аударуға кеңес береді. Себебі, олардың сөзінше, болашақ бүгіннен басталады, қомақты қор жиналса, қамсыз қарттыққа қол жеткізуге болады!

Толығырақ:mangystaumedia.kz


Тізімге оралу