"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


15.05.2024

"БЖЗҚ" АҚ халықаралық аудиттен сәтті өтті

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) ISO 9001:2015 халықаралық сапа менеджменті жүйесінің қайта сертификаттау аудитінен сәтті өтті. Қор жұмысында сәйкессіз тұстар табылған жоқ.  

ISO 9001 - бұл бүкіл әлем мойындайтын сапа менеджменті стандарты. Оның көмегімен барлық саладағы ұйымдар өз жұмысын жақсартып, тұтынушыларының көңілінен шығып, сапаға деген адалдықтарын көрсете алады. Талаптары сапа менеджменті жүйесін (СМЖ) құру, енгізу, қолдау және үнемі жақсарту тәртібін анықтайды. Осы халықаралық стандарттың талаптарына сай болу үшін ұйымдарға өз қызметін сауатты жоспарлап, жүзеге асыру керек. Әрине, ол үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланумен қатар, тәуекелдерді де ескерген жөн. Тәуекелдерге уақытылы жауап беру сапа менеджменті жүйесінің тиімділігін арттыруға, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және жағымсыз салдардың алдын алуға негіз бола алады. Жоғары басшылыққа ұйымның қызметін жақсарту мақсатында пайдалануға болатын сапа менеджментінің негізгі қағидаттарының бірі – тұтынушыға бағдарлану, басшының көшбасшылығы, менеджментке жүйелі көзқарас, көрсетілетін қызметтердің сапасын тұтынушылардың мүддесіне қарай үнемі жақсартып отыру. Бұл қағидаттар ISO 9001 құрамына кіретін сапа менеджменті жүйесінің стандарттарының негізін құрайды. 

Өткен аудит барысында Қор жұмысының ашық жағдайдағы ахуалы, үйлесімді және кәсіби ұжымы, жоғары басшылықтың салымшылардың мүдделеріне баса назар аудара отырып, ұйым қызметін басқару мен менеджмент жүйесі мәселелеріндегі сауатты саясаты, кез келген сәтте туындайтын мәселелерді шешудің заманауи тәжірибесін нәтижелі қолдануы, сондай-ақ, қызметтерді цифрландырудың өсуі сияқты үздік қырлары атап өтілді. Бұдан басқа, қорытынды есепте аудиторлар Қордың ISO 9001 негізіндегі СМЖ енгізуге деген ұмтылысына, оның ішінде Қордың инфрақұрылымын тұрақты түрде қолдап, жақсартып отыруына, ішкі процестерді шешу үшін IT-технологияларды кеңінен пайдалануына, сондай-ақ, мамандардың жоғары біліктілігі мен құзыреттілігіне де оң баға беріп, ерекше атап өтті. Тәуелсіз аудиторлар қазіргі заманғы бағалау әдіснамасын пайдалана отырып, Қорға түрлі байланыс арналары арқылы келіп түсетін өтініштерді талдау тетігін де мақтауға тұрарлық әдіс деп таныды. 

Аудит нәтижесі бойынша ISO 9001:2015 стандартының талаптарына қайшы келетін бірде-бір сәйкессіздік немесе ауытқу анықталған жоқ. Осыны растау белгісі ретінде Қорға тиісті халықаралық сертификат берілді. Ол сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады. Естеріңізге сала кетейік, 2021/2023 жылдары Қор сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігіне сыртқы қайта сертификаттау аудиттерінен де сәтті өткен болатын.

Атап кету керек, БЖЗҚ халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін әзірлеп, жетілдіруді жалғастыруда. Осыған сүйене отырып, Қор басшылығы үздік нәтижеге жету жауапкершілігін өз мойнына алу, сондай-ақ, ұжым ішінде халықаралық талаптарға сәйкестіктің маңыздылығын насихаттау арқылы өзінің көшбасшылығы мен сапа менеджменті жүйесіне адалдығын паш етеді. Процестік тәсіл сапа саясаты мен ұйымның стратегиялық бағытына сәйкес қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін үрдістерді жүйелі түрде анықтау мен басқаруды және олардың өзара әрекеттесуін қамтиды. 

Қайта сертификаттау аудиті "БЖЗҚ" АҚ Орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелері мен Алматы қалалық филиалында өткізілді. Өз кезегінде, аудиттен сәтті өткен Қор менеджмент жүйесін үнемі жетілдіріп, сол арқылы дамуын жалғастырып, көрсетілетін зейнетақы қызметтерінің сапасын үнемі арттырып отыратынын тағы да растады.     

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ" ЖЗҚ" АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды жұзеге асырады. Сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді. Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 


Толығырақ: stan.kz


Тізімге оралу