Филиалды таңдаңыз:
20.05.2020
БЖЗҚ тағы да жалған ақпараттың таратылуына тап болды. Электрондық пошта және мессенджерлер арқылы БЖЗҚ-ның жеке тұлғаларға ақшалай өтемақы төлеу туралы шешім қабылдағаны туралы телефонограмма жіберілуде. Өтемақы рубльмен тағайындалыпты-мыс.
«Құжаттың» жалған екендігін бір көргеннен-ақ білуге болады. БЖЗҚ-ның «Ресми жауабы» 2013 жылы қайта құрылған Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының нөмірі жоқ бланкісінде басылып шыққан. Кіріс және шығыс нөмірлері БЖЗҚ-ның хат-хабарларды тіркеу журналында жоқ. Хатқа қол қойды деп көрсетілген басшы 2016 жылдан бастап Қорда жұмыс істемейді.
БЖЗҚ жалған ақпарат таратудың жауапкершілікке тартылатындығы (қылмыстық іс ретінде де – ҚР ҚК 274-бабы) туралы ескертеді.
Сондай-ақ Қор азаматтарға тек ресми көздерден алынған мәліметтерді ғана пайдалануға тағы да кеңес береді және зейнетақы жинақтарына байланысты барлық мәселелер бойынша тікелей Қорға 1418 нөмірі, +7 777 000 14 18 нөмірі арқылы Whats app, Viber чат-боттары, Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы онлайн-кеңесші, өтініштерді enpf@enpf.kz электрондық поштасы бойынша жіберу, Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники тәрізді әлеуметтік желілердегі аккаунттар сияқты тәсілдердің өзіңізге ыңғайлысын таңдап, хабарласуға кеңес береді.