Филиалды таңдаңыз:
11.08.2020
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы зейнетақы активтері бойынша міндеттемелерді орындамау нәтижесінде пайда болған проблемалық берешекті қайтару бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ бұл жұмысты зейнетақы активтерін жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан БЖЗҚ-ға берген сәттен бастап жүргізіп келеді. 2014 жылы БЖЗҚ-ға зейнетақы активтерін беру аяқталған кезде қорда 32 проблемалық эмитент болды және олардың берешегі номиналды құны бойынша 161,45 миллиард теңгені құрады.
2020 жылғы тамыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ дефолтқа жол берген қалған 19 эмитентке қатысты берешекті қайтару бойынша жұмысты жүзеге асырады. Аталған 19 проблемалық эмитентті шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады:
1. Оңалту рәсімі қолданылған эмитенттер («Роса» АҚ, «Қазақстан Қағазы» АҚ және «Имсталькон» АҚ). Барлығы 3 эмитент. Аталған эмитенттердің номиналды құны бойынша берешек сомасы – 15,80 млрд теңге.
2. Оларға қатысты талап-арыз жұмысы / атқарушылық өндіріс жүзеге асырылатын эмитенттер («Альтернативті қаржы» АҚ, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Казнефтехим» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Құрылыс материалдар мен құрастырмалар комбинаты-2» ЖШС, «Өрнек XXI» АҚ, «Mineral Resourses of Central Asia» АҚ, «ТЕМА Ко» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Төрт-Құдық» тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «Корпорация «АПК-Инвест» ЖШС, «Тау-кен байыту комбинаты» АҚ, «ҚазЭкспортАстық» холдингі). Барлығы 12 эмитент. Аталған топ бойынша номиналды құны бойынша берешек сомасы - 13,03 млрд теңге.
3. Банкроттық/мәжбүрлеп тарату рәсімі жүзеге асырылатын эмитенттер («Валют-Транзит-Банк» АҚ, «GLOTUR» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ). Барлығы 4 Эмитент. Эмитенттердің осы тобының номиналды құны бойынша берешек сомасы - 17,5 млрд теңге.
Осылайша 2020 жылғы тамыздағы жағдай бойынша жоғарыда аталған 19 проблемалық эмитент бойынша берешектің жалпы сомасы (зейнетақы активтері есебінен) номиналды құны бойынша 46,33 млрд теңгені құрады, ал «ҚазЭкспортАстық холдингі» АҚ-ның 5,8 млрд теңге мөлшеріндегі купондық сыйақы төлеу бойынша берешегін ескере отырып, берешектің жалпы мөлшері 52,13 млрд теңге болды.
Айта кетейік, 2020 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ алдында өтелген зейнетақы активтері бойынша берешектің жалпы сомасы 23,634 млрд теңгені құрады. Оның ішінде:
2014-2016 жылдары - 1,475 млрд теңге,
2017 жылы - 1,249 млрд теңге,
2018 жылы - 14,853 млрд теңге,
2019 жылы - 4,507 млрд теңге,
Жалпы алғанда 2020 жылдың жеті айында - 1,55 млрд. теңге:
«Абди Компани» АҚ - 188,42 млн теңге (купондық сыйақыны өтеу);
Бұдан басқа ағымдағы жылы «Атамекен-Агро» АҚ берешегін өндіріп алу бойынша жүргізілген талап-арыз жұмысының нәтижелері бойынша 1 шілдеге осы эмитенттің берешегі 1 015 160 000 теңге мөлшерінде толық көлемде өтелді.
Сонымен қатар БЖЗҚ зейнетақы активтеріне залал келтіргені үшін кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында қылмыстық іс қозғау бойынша іс-шаралар жүргізуде.
Қазіргі уақытта Қордың қатысуымен 12 эмитентке қатысты қылмыстық өндіріс жүргізілуде – «GLOTUR» АҚ, «Имсталькон» АҚ, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Роса» АҚ, «Mineral Resources of Central Asia» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Казнефтехим» АҚ, «Қазақстан Қағазы» АҚ, «Казинвестбанк» АҚ, «Delta bank» АҚ, «LANDSBANKI» АҚ.
Айта кету керек, екі эмитенттің («Имсталькон» АҚ және «РЭМИКС-Р» АҚ) бұрынғы басшылары мен акционерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Іс материалдары сотқа қарау үшін берілді. Сондай-ақ, қылмыстық құқық бұзушылықтан келтірілген залалды өтеу мақсатында Қор БЖЗҚ зейнетақы активтеріне келтірілген залалды өтеу туралы талап-арыз берді. Айыптау үкімі шығарылған жағдайда бұл залал да өтелуге жатады.
Осы ұйымдардың бірқатар басшыларының тергеу органдарынан жалтарып отырғанын атап өту маңызды. Осыған байланысты бүгінгі күні «Имсталькон» АҚ бұрынғы басшысы және акционері Владимир Кананыхин, «РЭМИКС-Р» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Тимур Беспаев, сондай-ақ, «Казнефтехим» АҚ басшысы және акционері Еділ Киришев іздестірілуде. Оларды іздеу екі жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келеді.