Филиалды таңдаңыз:
10.01.2022
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өңірлерде қалыптасқан жағдайға байланысты өз жұмысын жалғастыруда.
2022 жылдың 5 қаңтарында Қордың барлық бөлімшелері штаттық тәртіпте жұмыс істеп, сағат 16.00-ге дейін халыққа қызмет көрсетті.
6 қаңтарда Мемлекет басшысының төтенше жағдай тәртібін жариялауына байланысты Қор кеңселері өз жұмысын тоқтатты.
2022 жылдың 10 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ның барлық бөлімшелерінің қызметі қайта жанданды. Қор кеңселері халыққа қызмет көрсетуді сағат 9.00-ден бастап 16.00-ге дейін жалғастырады.
Бұған Алматы және Қызылорда қалаларындағы бөлімшелер кірмейді. Сондай-ақ, Жамбыл облыстық филиалының Мерке, Шу және Қордай елді мекендеріндегі бөлімшелер қашықтан жұмыс істейді.
1418 нөмірі бойынша байланыс орталығы өңірлік бөлімшелер арқылы 16.00-ге дейін жұмыс істейді.
Зейнетақы жинақтарының сақталуын, қауіпсіздігін және үздіксіз есепке алынуын қамтамасыз ету үшін БЖЗҚ-ның барлық ішкі ресурстары мен инфрақұрылымы штаттық тәртіпте жұмыс істейді.