Филиалды таңдаңыз:
25.01.2022
2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. Бір жыл ішінде, яғни 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін бұл көрсеткіш 156,6 млрд теңгеге немесе 1% ұлғайды.
Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 12,7 трлн теңге болды (соңғы 12 айдағы өсім 1%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 361,0 млрд теңге (15% ұлғайды), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 1,7 млрд теңге.
2021 жылдың 12 айында БЖЗҚ салымшылары былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда бір жарым есе көп қаражат салған. 2022 жылдың 1 қаңтарына қарай, салымшылардың шоттарына шамамен 1,3 трлн теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 255,7 млрд теңге артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,8% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды – 1,3 трлн теңге (соңғы 12 айда өсім 24%), МКЗЖ бойынша 55,6 млрд теңге (өсім 19%) түсті, ЕЗЖ бойынша 799 млн теңге (өсім 48%) аударылды.
Салымшылардың өздерінің жарналарынан басқа, зейнетақы жинақтарының едәуір өсуі таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді, ол 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін 1,4 трлн теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткіштен 138,2 млрд теңгеге немесе 11% артық. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік – 2021 жылдың басынан бері 11,13%, ал инфляция 8,4% болды.
2022 жылдың 1 қаңтарына қарай БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн бірлікке жетті. Шоттардың ең көп мөлшері міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды – 10 871 285 бірлік. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар – 547 136 бірлік, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір – 61 604 бірлік.
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына 2,9 трлн теңге төледі, оның басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) – 2,6 трлн теңге. Жасына байланысты төлемдер – 101,4 млрд теңге. Сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 60,5 млрд теңгені, мұрагерлік бойынша төлемдер – 57,5 млрд теңгені, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 41,3 млрд теңгені, жерлеуге арналған төлемдер – 5,4 млрд теңгені және мүгедектік бойынша төлемдер – 2,2 млрд теңгені құрады.
БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 471 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем сомасы 707 326 теңге болды.