"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Филиалды таңдаңыз:
25.01.2016
«БЖЗҚ» АҚ Қостанай облыстық филиалының 14 маманы 2016 жылғы 14 қаңтарда Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық қан орталығы» өткізген «Қан тапсыр, өзгеге үміт сыйла!» акциясына қатысты.
Донорлық – қауіпсіз, зиянсыз және ағза үшін өте пайдалы. Донорлар – денсаулығы өте жақсы адамдар! Қан донорлығы – көп уақыт пен күшті талап етпейтін қайырымдылық. Еліміздегі донорлық қанға мұқтаж жандардың ауыр сырқаттан айығып, өмірге деген құштарлықтарының оянатыны, біз үшін үлкен қуаныш!