"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

30.05.2022

2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдері

Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі инвестициялық қызмет ашық болып табылады. enpf.kz сайтында «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялауы туралы егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ, нақты кезеңдегі ахуал бойынша инвестициялық қызметке шолулар жарияланады. Қазіргі уақытта ақпарат 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жаңартылды.

Көрсетілген есептерге сәйкес, 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,0 трлн теңге болды. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 12 914,3 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 8,9 млрд теңгеге жетті.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2022 жылдың 1 мамырында ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚРҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялауының негізгі бағыттары былайша берілген:

- ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 5 331,96 млрд теңгені (портфельдің 41,29%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. 2022 жылдың 1 мамырына теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, ал АҚШ долларында – жылына 3,4% құрады.

- ҚР квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының ағымдағы құны 1 698,75 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 13,15%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.

- ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 927,44 млрд теңге (7,18%). ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,7%.

- шетелдердің мемлекеттік бағалы қағаздары 734,24 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 5,69%. БЖЗҚ-ның ЗА портфеліндегі есепті күндегі шет мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 0,6%.

- халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары 401,08 млрд теңге. Олардың портфельдегі үлесі 3,11%. Халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылдық 10,0% болды.

- ҚР Ұлттық Банкіндегі депозиттердің ағымдағы құны есепті күнге 320,84 млрд. теңге. Портфельдегі үлесі 2,48%. Орташа алынған кірістілік жылдық 12,79% құрады.

- ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарының құны 264,77 млрд. теңге. Портфельдегі үлесі 2,05%. Бұл кезеңде ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарын сатып алу және сату болған жоқ.

- Екінші деңгейдегі банктердегі депозиттер 198,55 млрд. теңге құрады. Портфельдегі үлесі 1,54%. ҚР ЕДБ салымдарын өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылдық 9,1% болды.

- шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигацияларының құны 4,46 млрд. теңге. Портфельдегі үлесі 0,03%. БЖЗҚ ЗА портфеліндегі шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигацияларын өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күні жылдық 10,5%.

- есепті айда шетелдік эмитенттердің PPN (құрылымдық ноталарының) құны 11,22 млрд. теңге. Портфельдегі үлесі 0,09%. Шетелдік эмитенттердің PPN (құрылымдық ноталар) сатуы, өтеуі және сатып алуы болған жоқ.

- ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларының құны 16,25 млрд. теңге. Портфельдегі үлесі 0,13%. Қарастырылып отырған кезеңде ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларын сатып алу, сату және өтеу болған жоқ.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:

         - ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,26%, АҚШ долларында – 31,67%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,07%.

          Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2022 жылдың басынан бері 136,52 млрд. теңгеге жетті.

Геосаяси ахуалдың шиеленісуі, жаһандық қаржы нарықтарындағы құбылмалылық күшейіп, инфляцияның күрт өсуі, сондай-ақ, дамыған және дамушы елдердің бағалы қағаздары құнының өзгеруі салдарынан 2022 жылдың басынан бері салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 0,88% құрады.

Бұл ретте зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін (2021 жылдың мамыры мен 2022 жылдың сәуірі аралығында) 8,00% болды.

Зейнетақы активтерін шоғырландырудың аяқталу сәті – 2014 жылдың сәуірінен бастап 2022 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңде жинақталған кірістілік 104,45% болды. 2014 жыл мен 2021 жыл аралығындағы 8 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі жылдық 9,68% құрады.

Эмитенттер көрсетілген қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік бар. ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

 

Инвестициялық портфельді басқарушылар

Басқарушы компанияларға берілген қаражаттың жалпы көлемі 8,9 млрд теңге.

"Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 4,06 млрд теңгені құрады. Оларға инвестициялық шоттарда ақшалай қаражатта қалған активтер (38,06%), Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 33,09%, ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ (17,86%), ҚРҰБ ноталары (портфельдің 10,98%) сатып алынды. Портфельдің 62,18% теңгемен, 37,82% АҚШ долларында.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде «Jusan Invest» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы жыл басынан бері 1,38% болды.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

«Halyk Global Markets» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 мамырында 2,50 млрд теңгені құрады. Портфельдің құрылымында шоттардағы ақшалай қаражат 53,34%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) 15,77%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 10,50%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары 6,13%, ҚР екінші деңгейдегі банктердің облигациялары 5,58%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары 4,37%, ХҚҰ (4,29%) және басқа да активтер (дебиторлық берешек, мерзімі өткен берешек, провизиялар) 0,02%. Портфельдегі ұлттық валютадағы инвестициялар 78,06%, АҚШ долларында 21,94%. «Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы 01.01.2022ж. – 30.04.2022ж. аралығында

(-2,64%) болды.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің нақты құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

«BCC Invest» АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 1,43 млрд теңгені құрады. Олар инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражатқа 39,17%, пайларға (ETF индекстерге) 22,51%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына 12,68%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына 9,20%, ХҚҰ облигацияларына 5,95%, ҚР ЕДБ облигацияларына 5,33%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына 5,09%, өзге де активтерге (дебиторлық берешек, мерзімі өткен берешек, провизиялар) 0,07% бөлінген. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 68,29%, АҚШ долларында 31,77% инвестицияланған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде «BCC Invest» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі ағымдағы жылдың басынан бері (-2,07%) құрады.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

2022 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 0,89 млрд теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға 56,07%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына 14,78%, % , ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына 10,82%, РЕПО 8,41%, инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты 7,80%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдарына (ETF пайлары) 2,01%, өзге активтерге (дебиторлық берешек, мерзімі өткен берешек, провизиялар) 0,12% инвестицияланған. Қаржы құралдарына портфельдің 90,46% ұлттық валютада, АҚШ долларында – 9,54% инвестицияланған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі 2022 жылдың басынан бері (-4,26%) құрады.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің толық құрылымы БЖЗҚ сайтында жарияланған.

 

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.


Просмотров 5024

Тізімге оралу