"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

30.01.2023

Зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз етіп, ұзақ мерзімді келешекте нақты табыс алу

enpf.kz сайтында 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚР ҰБ және ИПБ зейнетақы активтерін басқаруы туралы есеп ұсынылды.

 

2023 жылғы 1 қаңтарға зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – шамамен 14,7 трлн теңге. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 14 621,89 млрд теңге, ал ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 9,36 млрд теңге болды.

Зейнетақы жинақтарының қалай инвестицияланатыны туралы егжей-тегжейлі есеп enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет" бөлімінде орналастырылған. Мұнда ай сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы ақпарат беріледі.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде Ұлттық Банк теңгерімді инвестициялық саясат жүргізеді: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының алуан түрлеріне инвестициялайды.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің облигациялары (неғұрлым тұрақты қаржы құралдары ретінде) – портфельдің 49,72%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 11,40%, банктердің облигациялары мен депозиттері – 7,84%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,55%, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары – 2,54%. Дамыған елдердің МБҚ (7,31%), дамушы елдердің МБҚ (3,75%), сыртқы басқарудағы активтерді (9,27%) қоса алғанда, индекстік басқаруға 20,33% бағытталды.

Зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 1 қаңтардағы жағдай бойынша мынадай:

ұлттық валютадағы инвестициялар – 71,59%, АҚШ долларында – 28,36%, басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,05%. Осылайша, валюталық позиция шамамен 30% деңгейінде сақталуда. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы зейнетақы активтерінің валюталық үлесі шамамен 17% болды.

Егер алынған кірістің құрылымын талдасақ, онда бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 807,92 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер 186,62 млрд теңге, өзге кірістер – 12,9 млрд теңге болды. Сыртқы басқарудағы құралдар бойынша 93,36 млрд теңге мөлшерінде шығын есептеліп, бұл геосаяси факторлардың 2022 жылы есептелген инвестициялық табысқа ықпал еткенін растайды. Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес күніне сыртқы басқарудағы активтер 50 млрд теңгеден астам табыс әкелді.

ҚР Ұлттық Банкінің түсініктемесінде айтылғандай, "тұрақты жоғары инфляция жағдайында 2022 жылы көптеген елдердің орталық банктері монетарлық саясатты қатаңдатуға мәжбүр болды. Нәтижесінде бұл іс жүзінде барлық активтер кластары құнының төмендеуіне әкелді. Мысалы, 2022 жылы көптеген әлемдік индекстер теріс мәндерді көрсетті: MSCI World Index акцияларының индексі 19,5%, АҚШ қазынашылық облигациялары 7,6%, корпоративтік облигациялар 15,8%, дамушы нарықтар облигацияларының индексі 15,3% әлсіреді. Осылайша, теріс нарықтық қайта бағалау шетелдік және қазақстандық эмитенттердің облигациялары мен акцияларын қамтитын БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелі құнының төмендеуіне әкелді".

Дегенмен, 2022 жылдың 12 айындағы жалпы табыс оң сипатқа ие. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кірістің мөлшері жыл басынан бері 914,1 млрд теңгеге жетті. Кезең ішінде зейнетақы активтерінің кірістілігі – 6,55%. ҚРҰБ зейнетақы активтерін басқарған 2014 жылдан бастап 2022 жылғы желтоқсанға дейін жинақталған инвестициялық табыс 6,9 трлн теңге болды.

ҚР ҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылым және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында орналастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беру моделі жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, БЖЗҚ-ға міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуына кепілдік береді.

 

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы қаражаттың жалпы көлемі - 9,36 млрд теңге.

"Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері - 4,19 млрд теңге. Компанияның ең маңызды салымдары: ҚР ҰБ ноттары – 42,79%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары - портфельдің 30,43%; ҚР ҚМ МБҚ – 17,14%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,83%. Айта кетейік, портфельдің 60,43% теңгемен, 39,57% АҚШ долларымен ұсынылған.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2022 жылы есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 117,61 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі жыл басынан бері - 3,25%.

"Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылым БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

"Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері 2,63 млрд теңге. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар мынадай: кері Репо (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) 49,69%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) 12,72%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 12,57%; мемлекеттік мәртебеге ие, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған бағалы қағаздар – 6,79%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 79,65%, АҚШ долларымен – 20,35%.

2022 жылы инвестициялық табыстың мөлшері – 110,61 млн теңге. Зейнетақы активтерінің кірістілігі жыл басынан бері 4,19% болды.

Эмитенттерді көрсете отырып, "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

"BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері 1,52 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттарының ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары – портфельдің 43,54%; ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары 21,98%; пайлар (индекстерге арналған ETF) – 7,74%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 80,1%, АҚШ долларымен – 19,9% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде жыл басынан бергі табыс 42,82 млн теңге, ал "BCC Invest" АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы он бір айда 2,75% болды.

Эмитенттерді көрсете отырып, "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

"Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1 млрд теңгеден асты. Активтердің 68,78% мөлшері ҚР ҚМ МБҚ-ға; инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат 11,82%; квазимемлекеттік ұйымдардың облигациялары – 8,58%, ҚР эмитенттерінің үлестік құралдары (акциялар және депозитарлық қолхаттар) 8,16%; шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 2,66%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 79,65%, АҚШ долларымен – 20,35% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде жыл басынан бергі инвестициялық кіріс 46,46 млн теңге, ал "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы зейнетақы активтерінің кірістілігі осы кезеңде – 4,12%.

"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылым БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

2022 жылдың қараша айынан бастап нарықта инвестициялық портфельдің бесінші басқарушысы - "Halyk Finance" Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ" АҚ пайда болды. 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл компанияның басқаруына 8,37 млн теңге берілді. Портфельдің 83,81% кері РЕПО, 16,19% мөлшері шоттардағы ақшалай қаражатта. Әзірге портфель толығымен ұлттық валютада ұсынылған. Инвестициялық қызметтің нәтижесінде есептелген инвестициялық кірістің мөлшері (активтер берілген сәттен бастап 2023 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша) 11 463,10 теңгеге жетті. Қызмет басталғаннан бері зейнетақы активтерінің кірістілігі 0,13% болды.

"Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылым БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтері кірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептеледі.


Просмотров 3039

Тізімге оралу