Филиалды таңдаңыз:
06.09.2023
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (БЖЗҚ) 2022 жылға арналған Жылдық актуарлық есебін жариялады. Онда Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасында көзделген Қазақстанның зейнетақы жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары бойынша 2022 жылы жүргізілген БЖЗҚ кешенді актуарлық есептеулерінің негізгі нәтижелері ұсынылған. Тұжырымдама зейнеткерлердің әртараптандырылған көздерден табыс алуын басты назарда ұстайтын зейнетақымен қамсыздандырудың көп деңгейлі моделін сақтауға, оның таратушы құрамдауышының ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ міндетті жинақтаушы құрамдауыш бөлігін сақтап, нығайтуға бағытталған.
Есептің 1-бөлімінде 01.01.2022 ж. ағымдағы демографиялық деректер, сондай-ақ детерминистік және стохастикалық тәсілдерді ескере отырып, демография бойынша болжамды трендтер және олардың Қазақстанның зейнетақы жүйесіне әсері сипатталған.
Есептің 2-бөлімінде Қазақстандағы болашақ зейнетақының барабарлығына баға беріледі. Ол математикалық модельдің көмегімен алынған.
Есептің 3-бөлімінде зейнетақы ағындарының болжамды мәндері берілген.
Жылдық актуарлық есеп – Қордың маңызды құжаттарының бірі. Ол кең ауқымды мүдделі тараптар үшін өзекті ақпаратты қамтиды. Құжат БЖЗҚ-ның 2022-2026 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясына сәйкес, сондай-ақ ақпаратты ашу жөніндегі халықаралық стандарттар мен үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып әзірленді.
2022 жылға арналған Жылдық актуарлық есеппен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.enpf.kzhttp://www.enpf.kz/upload/medialibrary/3c9/3c95d788bd0a5cb504c04483152f72f1.pdf