"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

28.09.2023

FIAP Президенті Гильермо Артур Чили зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері мен болашағы туралы

2023 жылғы 28 қыркүйекте өткен "Міндетті жинақтаушы және аралас зейнетақы жүйелерін дамыту келешегі" атты жоғары деңгейдегі халықаралық дөңгелек үстелдің Григорий Марченко жүргізген "Халықтың қартаюы және зейнетақы реформасы" тақырыбындағы бірінші панельдік сессиясы аясында Халықаралық зейнетақы қорлары әкімшілері федерациясының (FIAP) Президенті Гильермо Артур (Сантьяго, Чили) сөз сөйледі.

Оның баяндамасының тақырыбы: "Чилидің зейнетақы жүйесі: нәтижелері, сын-қатерлері, одан әрі даму келешегі".

Гильермо Артур мырза Чили зейнетақы жүйесінің үлгісі көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға негіз болғанын атап өтті.

Баяндамашы Чилидің зейнетақы жүйесінің негізгі сипаттамаларын атап өтті. Оның ішінде мыналар да бар:

· Міндетті зейнетақы жарналары олар түскен қызметкерге тиесілі жеке шоттарда капиталдандырылады;

·   Бұл жинақтарды жеке активтері бар және мемлекеттік орган қатаң бақылайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (AFP) басқарады;

·    Зейнетақы активтері пайда табу мақсатында жергілікті және шетелдік құралдарға инвестицияланады;

· Инвестициялық лимиттер мен өзге де шарттар лайықты әртараптандыруды, инвестициялардың табыстылығын және зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ететін ережелермен белгіленеді;

·  Жұмысшылар тәуекелге ұшырау дәрежесі бойынша ерекшеленетін қорлардың 5 түрінен басқарушы компанияны таңдай алады;

·   Зейнетақылар жұмысшылардың жарналары мен инвестициялық кірістер есебінен қаржыландырылады;

· Чилидің зейнетақы жүйесі аралас, өйткені, халықтың ең осал топтарына бағытталған зейнетақылардың бір бөлігі мемлекет (салықтар) есебінен қаржыландырылады.

Чилидің зейнетақы реформасы бұрынғы белгіленген төлемдері бар тарату жүйесінің (defined benefit system) тұрақсыздығына байланысты жүргізілген болатын. Себебі, жұмыс істейтін жұмысшылардың біртіндеп азайып бара жатқан саны зейнеткерлердің күн санап ұлғайып жатқан қатарына зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етуге мәжбүр болды. Таратушы жүйенің тұрақсыздығын соңғы 27,5 жылдағы (1995 жылдан 2023 жылдың маусымына дейін) мына деректер көрсетеді: 82 ел жарна мөлшерлемесін көтерді; 66 - зейнеткерлік жасты өсірді; 66 - берілетін жәрдемақы сомасын шектеді немесе қысқартты.

Соңғы бірнеше онжылдықта таратушы жүйесі бар және сонымен бірге әртүрлі нысандағы жеке жинақтау тетіктерін енгізген елдер саны 1999 жылы 17 болса 2022 жылы ол 51-ге дейін өсті.

Нәтижелер туралы айта отырып, Гильермо Артур жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істеген 40 жыл ішінде зейнетақы қорларының инвестициялық кірістілігі жылына орта есеппен 7,2% болғанын атап өтті. Бұл жұмысшылардың алғашқы буыны жинаған қаражаттың төрт есеге өскенін білдіреді. Чили жүйесі қолданылған Латын Америкасының өзге елдерінде тиімділік Чилидікіне ұқсас болды.

Зейнетақы жүйесін дамыту келешегін жариялай отырып, баяндамашы әлемде өмір сүру ұзақтығының өсу факторын ескере отырып, халықтың жұмыс істеу аясының жаңа нысандарын (өзін-өзі жұмыспен қамту, қашықтан формат) дамытумен қатар, зейнетақы жүйесінің табысты жұмыс істеуі үшін келесідей қадамдар жасау қажет екенін атап өтті:

1. Жарналар мөлшерлемесін және зейнет жасын өсіру. 10% жарна мөлшерлемесі 40 жылдан бері бар, дегенмен сол кезеңдегі өмір сүру ұзақтығы ерлер үшін 55% және әйелдер үшін 48% өсті;

2. Зейнетақыны қаржыландырудың балама тетіктерін іздеу;

3. Міндетті жинақтарға қосымша ретінде ерікті зейнетақы жинақтарын көтермелеу.

Баяндамасын қорытындылай келе, Гильермо Артур зейнетақы реформасының сәтті болуы үшін төмендегі факторларды ескеру қажет екенін атап өтті:

- Таратушы жүйе демографиялық себептерге байланысты тұрақты емес, ал жинақтаушы жүйе зейнетақыларды қызметкерлердің салымдары есебінен ғана емес, сонымен қатар инвестициялық кіріс есебінен қаржыландыруға ықпал етеді, сондай-ақ, елдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосады;

- Зейнетақы ресурстарын басқару түсімді көбейтіп, шығынды азайтуға ынталандыратын бәсекелес ортада жүзеге асырылуы тиіс;

- Зейнетақыны қаржыландыру көздері әр түрлі болуы керек және бірнеше деңгейден тұрады:

· салықтар есебінен қаржыландырылатын және халықтың әлеуметтік осал топтарына бағдарланған бірінші кезең

· мөлшерлемесі өмір сүру ұзақтығына байланысты автоматты түрде қайта қаралатын міндетті зейнетақы жарналарын көздейтін екінші деңгей

· міндетті жарналарды толықтыратын ерікті зейнетақы жарналарынан тұратын үшінші деңгей. Бұл ретте, автоматты түрде есепке алу сияқты мінез-құлық экономикасына негізделген механизмдерді қолданған жөн. Бұл жұмыс берушінің ресурстарымен толықтырылуы мүмкін жеке шотына ерікті зейнетақы жарналарын енгізу үшін жұмысшылардың жұмысқа орналасқан кезде автоматты түрде тіркелетінін білдіреді. Жұмысшылар, егер өздері қаласа, бұл міндеттен бас тарта алады. Іс жүзінде ерікті жарналарды автоматты түрде қабылдау енгізілген елдерде жою деңгейі салыстырмалы түрде төмен. Мысалы, ең дамыған автоматты жалдау жүйесі бар Ұлыбританияда жұмысшылардың 86%-дан 92%-на дейін жүйеде қалады, бар-жоғы 8%-дан 14%-ға дейін одан бас тартады.

- Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің жалғыз мақсаты болуы керек – лайықты табыс алу және олардың сақталуын қамтамасыз ету. Ал ол инвестицияларды құралдар санаты, эмитенттер және жағрапиялық аумақтар бойынша сауатты әртараптандыруды талап етеді. 


Просмотров 3514

Тізімге оралу