Филиалды таңдаңыз:
24.11.2023
Ағымдағы жылдың 23-24 қарашасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) халық арасында қаржылық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ, зейнетақы жүйесі мен зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар болу, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметтің нәтижелеріне бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу шеңберінде қаржы журналистикасы мектебінің кезекті тегін онлайн-курсын өткізді. Оған Қазақстанның түрлі облыстарынан 100-ден астам журналистер, блогерлер мен студенттер қатысты.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мамандары қазақ және орыс тілдерінде екі күн қатарынан шеберлік сыныптарын өткізді.
Курс бағдарламасында әртүрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылды.
Қор сарапшылары әлемдегі зейнетақы жүйелері, БЖЗҚ қызметі, зейнетақы активтерін инвестициялау және жинақтарды сенімгерлік басқаруға беру, зейнетақы төлемдерінің түрлері және оларды алу тетіктері туралы баяндады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты материалдарды қалай жасау керектігін және тақырып бойынша эксклюзивті түсініктемелерді қайдан алуға болатынын да нақты мысалдармен көрсетті. Сонымен қатар, онлайн – курсқа қатысушыларды Әлеуметтік кодекс және 2024 жылы басталатын "Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енгізілген жаңалықтармен таныстырды.
"БЖЗҚ" АҚ сарапшылары онлайн-семинарға қатысқан барлық тыңдармандарға алғысын білдіреді және алынған ақпарат кездесудің барлық қатысушыларына пайдалы болады, сондай-ақ, өзекті және қызықты журналистік материалдарды жасауға көмектеседі деп үміттенеді.