Филиалды таңдаңыз:
17.02.2016
Құрметті БЖЗҚ салымшылары!
БЖЗҚ WhatsApp арқылы таратылған 2016 жылғы 1 наурызға дейін белгілі бір жастағы азаматтарға Қордан жасалатын біржолғы сақтандыру төлемдері туралы хабарлама шындыққа жанаспайтынын және азаматтарды адастыратынын хабарлайды.
Бұл Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңында көзделген сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау арқылы міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне азаматтардың құқығын дұрыс түсінбеушілік сияқты. Бүгінде мұндай құқық 55 жастан бастап ерлерге, 50 жастан бастап әйелдерге беріледі. Мұндай шарт жасаудың басты талабы – зейнетақы жинақтарының жеткілікті болуы. Әр салымшы зейнетақымен қамсыздандырудың әрбір түрінің барлық ерекшелігін жан-жақты зерттеген соң зейнетақы төлемдерін қалай алатынын өз бетінше таңдауға құқылы. Мұнда ешқандай уақытша шектеу жоқ.
Мұндай хабарлама жіберудің жалған ақпарат тарату екенін ескертеміз, бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген санкцияларды қолдануға апарып соқтырады.