"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

20.02.2024

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім қалай іске асырылуда?

Тарих

2019 жылғы 20 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Онда Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімге қол қойды. Келісімге сәйкес, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына өз азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру құқықтары көлеміне тең деңгейдегі құқықтар берілетініне кепілдік береді.

01.01.2021ж. бастап, ЕАЭО-ның барлық мемлекеттері Келісімді ратификациялағаннан кейін, олардың ЕАЭО-ның басқа елдерінде жұмыс істейтін азаматтары зейнетақы құқықтарын өздері жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде қалыптастырады, сақтайды және іске асырады. Енді ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет зейнетақыны өз заңнамасы бойынша, еңбеккердің оның аумағында 01.01.2021ж. кейінгі уақытта жұмыс істеген еңбек өтілі үшін төлейді. Егер ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағында жинаған еңбек өтілі зейнетақыға (жинақтаушы зейнетақыны қоспағанда) құқықтың пайда болуы үшін жеткіліксіз болса, онда мұндай жұмыс өтілі уақыты бойынша сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда, ЕАЭО-ның басқа елдерінде, оның ішінде Келісім күшіне енгенге дейін жинақталған жұмыс өтілі де ескеріледі. Атап өту керек, ЕАЭО елдерінің азаматтары жұмысқа орналасқан елдердегі жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын ресми түрде ресімдеулері керек. Яғни, міндетті түрде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттар уақытылы жасалуы керек.

Келісімнің Қазақстанда іске асырылуы

Қазақстанда Келісім БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі құқықтық қатынастарға және еліміздің заңнамасы бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы жасына жеткенде немесе 1,2 топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген кезде тағайындалатын зейнетақы төлемдеріне қолданылады.

Мысалы, егер Қазақстан азаматының Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше елдің аумағындағы жұмыс өтілі (мысалы, 3-5 жыл) болса, онда жұмысқа орналасқан елінің зейнетақы заңнамасының шарттары бойынша зейнетақыға құқық пайда болған (зейнет жасына толу, белгілі бір еңбек өтілінің болуы) кезде, көшіп-қонушы еңбек еткен ел дәл осы елде жұмыс істеген еңбек өтілі үшін оған зейнетақы тағайындайды. Бұл ретте Қазақстан азаматы ЕАЭО-ға мүше елдің құзыретті органына немесе Қазақстан Республикасындағы құзыретті орган ретінде БЖЗҚ-ға зейнетақыны тағайындау және төлеу туралы құжаттар тіркелген өтінішті беруге құқылы.

Еңбеккерге зейнетақы тағайындау және төлеуге негіз болатын құжаттар тізбесі ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекеттің ұлттық заңнамасымен реттеледі.

Құзыретті органдар

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбек өтілін растау жөніндегі Қазақстан Республикасындағы құзыретті органдар -- "БЖЗҚ" АҚ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті және олардың аумақтық бөлімшелері болып табылады.

БЖЗҚ ақпараттық жүйеде берілген міндетті зейнетақы жарналарын төлеу туралы деректер негізінде жұмыс өтілі туралы мәліметтерді 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап ұсынады.

Сондай-ақ, БЖЗҚ-ға мына мәселелер бойынша жүгінуге болады:

·  мәліметтер мен құжаттарды қабылдау және өңдеу,

·  зейнетақыны тағайындау/тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау,

·   зейнетақы төлеуді/жеткізуді ұйымдастыру.

Толық ақпарат enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" бөлімінде.

1998 жылға дейінгі еңбек өтілін растау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетіне жүгіну қажет.

Келісім cандық деректер бойынша

Келісімді Қазақстан Республикасында іске асыру аясында 01.01.2021ж. бастап 01.02.2024ж. дейінгі кезеңде:

· Қазақстан аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 82 мың 845 еңбеккер азаматына жұмыс берушілермен жасаған еңбек, азаматтық-құқықтық шарттар негізінде БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналары аударылып, өтініш беруді талап етпейтін тәртіппен жеке зейнетақы шоттары ашылды;

· БЖЗҚ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің 94 азаматынан зейнетақы төлемін тағайындау туралы өтініш қабылдап, орындады, оның ішінде:

- 91 еңбеккерге зейнетақы төлемдері Қазақстан заңнамасы бойынша зейнет жасына толуына байланысты тағайындалды;

- екі жұмысшының қайтыс болуына байланысты 3 мұрагерге зейнетақы төлемдері тағайындалды;

Еңбек қызметін Қырғыз Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағында еңбек шарты негізінде жүзеге асырған және сақтандыру жарналарын сол елдердің зейнетақы жүйесіне аударған Қазақстанның 4 азаматына аталған елдердің құзыретті органдары жасына байланысты өмір бойы зейнетақы тағайындады.

 БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.  


Просмотров 3850

Тізімге оралу