"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

01.03.2024

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

1.  Арнаулы әлеуметтік төлем қашан, кімдер үшін және қандай мақсатта енгізілді?

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Республикасының еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен қамтылған азаматтары мен ел аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әлеуметтік қорғалу деңгейін одан әрі арттыру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асырылатын арнаулы әлеуметтік төлем енгізілді.

Жұмыс берушілер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын кәсіптері мен қызмет түрлері еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлердің, өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің тізбесіне енгізілген жұмыскерлер үшін аударады. Ондай қызмет түрлерінің 2 мыңнан астамы бар. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемдер экономиканың әртүрлі салаларында, соның ішінде тау-кен және өңдеу өнеркәсібінде және басқаларында жұмыс істейтін қызметкерлерге төленеді. Қызметкердің 55 жасқа толуы, жиынтығында кемінде 84 ай бойына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (бұдан әрі - МКЗЖ) төленуі арнайы әлеуметтік төлем алудың басты шарты болып табылады.

2. Зиянды жағдайларда жұмыс істейтін адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындау үшін қандай талаптар қойылады?

Қазақстан азаматтарына, ел аумағында тұрақты тұратын, еңбек жағдайлары зиянды өндірісте жұмыс істейтін және арнайы әлеуметтік төлем алғысы келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем олар:

-55 жасқа толғанда;

- қызметкер үшін 84 ай (7 жыл) бойына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленгені расталған кезде;

- еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда қызмет етуін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан кезде тағайындалады.

Арнаулы әлеуметтік төлем алу үшін қызметкер төмендегі қызмет нұсқаларының бірін таңдауы керек:

- жұмыс берушімен келісім бойынша сол кәсіпорындағы еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа ауысуды ресімдеу;

- кәсіпорыннан тыс еңбек жағдайлары зиянды емес басқа жұмысқа өз бетінше орналасу;

- еңбек қызметін тоқтату.

3. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем неден құралады?

Қалай есептеледі?

1) Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен қамтылған (еңбек ететін) азаматтарға берілетін арнаулы әлеуметтік төлем :

- арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыдан (республикалық бюджеттен екі ең төменгі күнкөріс деңгейі (ТКД) мөлшерінде тағайындалады және ол 2024 жылы 86 814 теңгені (2*43 407) құрайды);

- зейнетке шығу алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемінен (сақтандыру ұйымы қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары есебінен 2024 жылы – 43 407 теңге мөлшерінде тағайындайды);

- жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін кәсіптік төлемнен (жұмыскер еңбек шартын бұзған немесе еңбек жағдайларын өзгерту туралы еңбек шартына қосымша келісім жасасқанда жұмыс беруші 2024 жылы – 43 407 теңге мөлшерінде 1 ТКД тағайындайды);

- БЖЗҚ-дан МКЗЖ және (немесе) МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемінен (жоғарыда аталған тұлғалардың оларды алуға келісімі болған жағдайда (зейнетақы төлемдерінің мөлшері БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының мөлшеріне байланысты болады) тұрады.

  Арнаулы әлеуметтік төлемдерге құқық қызметкер еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды;

2) Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істемейтін (еңбек етпейтін) адамдар арнаулы әлеуметтік төлем:

- арнайы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақыдан;

- БЖЗҚ-дан МКЗЖ және (немесе) МЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінен (жоғарыда аталған тұлғалардың оларды алуға келісімі болған кезде) беріледі.

2024 жылғы жағдай бойынша еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда жұмыс істемейтін (еңбек етпейтін), 55 жасқа толған, пайдасына жиынтығында кемінде 84 ай бойына МКЗЖ төленген тұлғалар республикалық бюджет қаражаты және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері есебінен берілетін арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға тиісті өтінішпен жүгінулері қажет. Төлемдерді алуға арналған өтініште БЖЗҚ-дан төлемдерді алуға өзінің келісімін көрсету қажет болады.

4. Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем алу үшін не істеу керек?

 Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін (еңбек ететін) адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем алу үшін жұмыс берушіге зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын жұмысқа ауыстыру немесе еңбек шартын бұзу туралы өтініш беру қажет. Қызметкерді зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыстыру немесе еңбек шартын бұзу туралы мәліметтер жұмыс берушіден ҚР ЕХӘҚМ ақпараттық жүйесіне келіп түседі. Осы деректердің негізінде арнаулы әлеуметтік төлемге кіретін жоғарыда көрсетілген төлемдердің барлық түрлерін тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетілетін болады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан МКЗЖ және МЗЖ есебінен немесе тек МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алуға келісімді 1414 нөмірінен жіберілген тиісті SMS-хабарламаға жауап берумен растау қажет.  

 Осылайша, арнаулы зейнетақы төлемін алушыға жұмыс берушіге өтінішпен жүгінгеннен кейін арнайы зейнетақы төлемін ресімдеу үшін ХҚКО мен БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ, SMS-хабарламаға жауап беру жеткілікті.

 2024 жылғы жағдай бойынша еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда жұмыс істемейтін (еңбек етпейтін), 55 жасқа толған, пайдасына жиынтығында кемінде 84 ай бойына МКЗЖ төленген тұлғалар республикалық бюджет қаражаты және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері есебінен берілетін арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ға тиісті өтінішпен жүгінулері қажет. Төлемдерді алуға арналған өтініште БЖЗҚ-дан төлемдерді алуға өзінің келісімін көрсету қажет болады.

5. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға арналған арнаулы әлеуметтік төлемдерді қай жасқа дейін алуға болады?

Төлем мөлшері өзгере ме?

Әлеуметтік кодекске сәйкес зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге берілетін арнаулы әлеуметтік төлем зейнет жасына толғанға дейін жүзеге асырылатын болады және зейнетақы тағайындалғаннан кейін тоқтатылады.

Еңбек жағдайлары зиянды өндірісте жұмыс істейтін адамдар үшін тағайындалатын үш көзден (бюджет қаражаты есебінен арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы, сақтандыру төлемі және жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем) тұратын арнаулы әлеуметтік төлемдердің мөлшері жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына барабар өсетін болады және жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанға дейін берілетін болады.  

БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері МКЗЖ есебінен де, МЗЖ есебінен де қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының мөлшеріне қарай есептелетін болады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері МКЗЖ, МЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасын (оларды алуға келісім болған жағдайда) 6,5%-ға көбейтіп, оны 12-ге бөлу жолымен айқындалады. БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жыл сайын 5% индекстеледі және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.


Просмотров 7525

Тізімге оралу