Филиалды таңдаңыз:
05.07.2024
2024 жылдың 3-4 қазаны
Рио-де-Жанейро қаласы, Бразилия
БЖЗҚ мүшесі болып келетін Зейнетақы қорлары басқарушыларының халықаралық ассоциациясы немесе FIAP (испан.FIAP, ағылш.International Federation of Pension Fund Administrators) ABRAPP-пен (Қосымша зейнетақы ұйымдарының Бразилия ассоциациясы) біріге «Әлемдегі зейнетақы жүйелеріндегі тенденциялар» тақырыбындағы семинарды ұйымдастырмақшы.
Семинар 2024 жылдың 3-4 қазан аралығында Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) зейнетақы қор өкілдерінің, ғылыми ортаның және түрлі мемлекеттердің зейнетақы жүйесі мамандарының қатысуымен өтеді. Семинар барысында зейнетақы жүйесін реформалау мәселелері, зейнетақы жүйесінің эволюциясы мен әмбебаптануы, зейнетақы қорларының инвестициялануы, экономикалық ақуалдар мен халықтың қартаюы мәселесі, сондай-ақ еңбек нарығын нығайту жөніндегі мемлекеттік саясат сауалдары талқыланады деп жоспарлануда.