"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

09.08.2024

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды қалай пайдалануға болады: қадамдық нұсқаулық және 2024 жылдың 7 айындағы нәтиже

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық кірісінің 50%-ы жылына бір рет 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан Республикасының азаматы болып есептелетін балаларға теңдей етіп бөлінеді. 2024 жылғы ақпан айында 2023 жылдың қорытындысы бойынша барлық балалар үшін БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар есептелді. Ал 18 жасқа 2024 жылы толған азаматтардың нысаналы жинақтау шоттарына (НЖШ) нысаналы жинақтар (НЖ) есептелді және төлемдер жүзеге асырыла бастады.   

НЖ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану тәртібі:

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 16 Қаулысымен,

- "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 76 бұйрығымен және

- Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 51 және Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы № 29 "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім беру ақысын төлеу мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бірлескен бұйрығымен айқындалған.

 Қадамдық әрекеттер алгоритмін былай ұсынуға болады:

· 18 жасқа толған бала (НЖ алушы) не оның заңды өкілі нысаналы жинақтарды enpf.kz сайтындағы, БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте немесе egov.kz порталы арқылы өз бетінше тексере алады.

2023 есепті жылы барлық НЖ алушыларына 100,52 АҚШ доллары көлеміндегі сома есептелгенін қосымша мәлімет ретінде хабарлаймыз.

· НЖ алушы (не оның заңды өкілі) НЖ алушының атына АҚШ долларымен банктік шот ашатын уәкілетті операторға (УО) интернет-ресурс арқылы НЖ төлемін алуға онлайн-өтініш береді.

· УО төлемге өтінішті қарап, мақұлдағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға төлемге өтініш тіркелгені туралы электрондық хабарлама жібереді.

· БЖЗҚ УО-дан электрондық хабарламаны алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оған өтініште көрсетілген НЖ төлемінің сомасын кейіннен НЖ алушының УО-да ашқан АҚШ долларындағы банк шотына есептеу үшін аударады не себебін көрсете отырып, бас тартатындығы туралы хабарлайды.

·  НЖ алушысы немесе оның заңды өкілі НЖ сомасы банк шотына түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде УО-ға НЖ төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттарды ұсынады.

·  УО НЖ алушы құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оларды тексереді және НЖ төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.

· НЖ алушы (немесе оның заңды өкілі) құжаттарды 45 жұмыс күні ішінде ұсынбаған жағдайда, УО-дағы НЖ төлемінің сомасы БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Бағдарламаның шарттарымен танысып, нұсқаулықтар мен өзіңізді қызықтыратын сұрақтарға жауаптарды kids.enpf.kz сайтынан немесе БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасынан алуға болады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейінгі және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейненұсқаулық БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасында төмендегі сілтеме бойынша орналастырылғанын ескертеміз:

https://www.youtube.com/watch?v=HHQNAxfskX8.

Бағдарламаны іске асырудың 7 айында, яғни 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша "БЖЗҚ" АҚ жалпы сомасы 1,7 млн АҚШ долларына 16 891 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 956,7 мың АҚШ долларына жуық сомаға 9 544 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 736,9 мың АҚШ долларына жуық сомаға 7 347 өтініш орындалды. Бұл ретте нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, пайдаланылмаған соманың қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қалады.

Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдаланудың ең танымал қосалқы мақсаттары: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымындағы ақшасын толықтыру (921,2 мың АҚШ долларына жуық сомаға 9 189 өтініш), азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – 11,5 мың АҚШ долларынан астам сомаға 115 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін-9,9 мың АҚШ доллары сомасына 99 өтініш орындалды.

Білім беру ақысын төлеу шеңберіндегі ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір мезгілде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (590,1 мың АҚШ долларынан астам сомаға 5 884 өтініш орындалды), білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыру (108,2 мың АҚШ долларына жуық сомаға 1 078 өтініш, шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (30,1 мың АҚШ долларынан астам сомаға 301 өтініш) орындалды.

     Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында беру туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.


Просмотров 549

Тізімге оралу