Филиалды таңдаңыз:
14.08.2024
Мемлекеттік зейнетақы
Бұған дейін хабарлағанымыздай, республикада Қаржы нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың бастауында тұрған қазақстандық сарапшылар, атап айтқанда: Григорий Марченко, Ораз Жандосов, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Анвар Сайденов, Елена Бахмутова, Гүлфайрус Шайқақованың қатысуымен Мемлекет басшысына жүйенің тұрақтылығы мен қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандырудың лайықтылығын арттыру жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірлеп, жолдады.
БЖЗҚ-ның ақпараттық-талдамалық қолдау көрсетуі арқылы ауқымды халықаралық тәжірибе мен ұзақмерзімді экономикалық есептеулер негізінде әзірленген ұсыныстар кәсіби орталар мен жалпы қоғамда кең резонанс тудырды.
Көптеген пікірлер мен сұрақтар келіп түсті, олар қосымша түсіндіруді қажет етеді. Сауалдар санының көптігін ескере отырып, олар жүйелік мәселелерге және оларды шешуге арналған ұсыныстарға сәйкес бағыттар бойынша топталды.
Еңбек қызметі аяқталғаннан кейін зейнетақымен лайықты қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі ретіндегі мемлекеттік зейнетақыға қатысты сұрақтардың бірінші топтамасына берілген түсіндірмелермен танысуға болады. Толық ақпарат алу үшін сілтемеге өту керек.
Сарапшылар ұсынған шараларды кешенді түрде қарастыру қажет екенін атап өткіміз келеді. Сондықтан, жақын арада сарапшылар тарапынан жасалған ұсыныстардың барлық бағыттары бойынша сұрақтарға жауаптар жариялауды жалғастырамыз.