Филиалды таңдаңыз:
18.03.2016
БЖЗҚ ырыс пен берекенің арқауы болған Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамын атап өту барысында Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы Орталық аппарат пен филиалдардың жас мамандары арасында «Наурыз аруы» шығармашылық фотоконкурсын өткізді.
Марапттау рәсімінде Басқарма Төрағасы Р.С.Ерденаев ұжымды құттықтай отырып, «еліміздің бірлігін, ізгілік пен татулықты айшықтайтын жаңару мен жасампаздықтың бастауы – наурыз мейрамы әр отбасына бақ береке, ырыс-ынтымақ әкелсін» деп ақ тілегін білдірді. Арулар сайысында бас жүлдені Стратегиялық даму басқармасының маманы Ерғали Айжан, І-ші орынды Шарттарды есепке алу және хабарлау басқармасының маманы Айтбай Сымбат, ІІ-ші орынды Мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы Хамантурова Лилия, ІІІ-ші орынды Маңғыстау облыстық филиалының Операциялық бөлім бөлімшесінің меңгерушісі Ермекбаева Роза ханым иеленді.
Басқарма Төрағасының атынан конкурстың жеңімпаздары мен басқа да қатысушылары мадақтау қағазымен салтанатты түрде марапатталды.
Конкурсқа қатысушылардың барлығын жеңістерімен құттықтаймыз! Наурыз – бұл ынтымақ-бірлігіміз жарасқан, ұлттық салт дәстүріміз бен мәдениетіміз дәріптелетін ұлы мейрам! Наурыз мейрамы қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін, еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, арайлап атқан әрбір таңымыз шат көңіл, бақыт пен береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын!