Филиалды таңдаңыз:
12.12.2024
Зейнетақы төлемдерінің жинақтаушы құрамдауыш бөлігі зейнетақы жинақтарының сомасына тікелей байланысты. Ал зейнетақы жинағы тұрақты және толық көлемде жүзеге асырылып отыратын зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылады. Жарналар инвестициялық кіріс есебінен ұлғаяды. Ай сайын, тұрақты түрде аударылып отырған жарналар - 1998 жылдан бергі еңбек өтілінің растамасы. Себебі, бюджет қаражаты есебінен берілетін зейнетақы түрлерін есептеуге негіз ретінде дәл осы көрсеткіш алынады. Зейнетақы жинақтарыңызды қалай бақылауға болады?
Жеке кабинет - ең ыңғайлы тәсіл
Қазір БЖЗҚ-да қандай да бір жарна түрі бойынша шот ашқан кезде шоттардың жай күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде әдетте enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет айқындалады. Мұндай мүмкіндік шоттары бұрын ашылған тұлғаларға да берілген. Жеке кабинет арқылы алғаш рет жүгінген кезде қарапайым тіркеу үдерісінен өтсеңіз жеткілікті.
Шоттардың жай-күйі туралы ақпаратты жеке кабинет арқылы алу - ең ыңғайлы, сенімді, жедел және қолжетімді әдіс. Айта кетейік, "Жеке кабинет" қызметін пайдалану бойынша толық нұсқаулықпен БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан танысуға болады.
Сондай ақ салымшылар шоттардың жай-күйі туралы ақпаратты egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы ала алады.
Егер сіз үзінді көшірмені әлі де электрондық немесе дәстүрлі пошта арқылы күтіп жүрсеңіз...
Егер салымшылар (алушылар) бұрын ақпарат алудың "электрондық пошта арқылы" немесе "пошта байланысы қызметтері арқылы" тәсілдерін таңдаған болса, онда шот иелері бұл тәсілдерді өз бетінше (жеке кабинет немесе БЖЗҚ кеңсесі арқылы) өзгертпейінше әрекет ететін болады.
Оның өзінде Сіз шоттарыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты өзекті электрондық немесе тұрғылықты мекенжайыңыз БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде көрсетілген жағдайда ғана аласыз.
Есіңізде болсын, заңнамаға сәйкес, электрондық немесе тұрғылықты мекенжайыңыз өзгерген жағдайда, бұл туралы БЖЗҚ-ға 10 күнтізбелік күн ішінде хабарлауыңыз қажет. Олай болмаған жағдайда, бұрынғы мекенжайыңыз бойынша жіберілген хабарлама (үзінді көшірме салынған конверт) БЖЗҚ-ға қайтарылады және одан кейінгі уақытта Қор салымшыдан (алушыдан) жаңа мекенжайы туралы хабар алғанға дейін жіберілімді (жеткізуді) жүзеге асырмайды.
Электрондық немесе тұрғылықты мекенжайды қоса алғанда, өз деректемелеріңізді БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте де өзектендіруге болады.
Өз шоттарыңызды үнемі қадағалап отырғаныңыз жөн. Ол зейнетақы жинақтарыңызды ұлғайту бойынша қажетті қадамдар жасау үшін өзіңіздің зейнетақы құқықтарыңызды объективті бағалауға және жалақыңыздан ұсталатын, сондай-ақ жұмыс берушілер өз есебінен БЖЗҚ-ға аударатын жарналардың уақытылы жүзеге асырылуын, тұрақтылығы мен дұрыстығын, толықтығын тексеруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі бақылау – берекелі болашағыңызға сенімділік!
Статистика. 2024 жылдың желтоқсан айының басында басым көпшілік —шамамен 11,5 млн адам enpf.kz сайтындағы және БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы онлайн режимінде (әлемнің кез келген жерінен 24/7) ақпарат алу тәсілін таңдады. Барлық шоттар мен зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген 2014 жылдан бастап, ақпаратты интернет арқылы алу тәсілін таңдаған салымшылардың (алушылардың) саны 30 еседен көп мөлшерге артты.