Филиалды таңдаңыз:
26.12.2024
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Көрсеткіштер - Инвестициялық қызмет" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 22 119,93 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 21 838,31[1] млрд теңге болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 218,29 млрд теңге.
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 63,33 млрд теңге.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2024 жылғы 1 желтоқсанға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 41,29%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,19%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 3,93%, ҚРҰБ депозиттері - 3,14%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,77%, МҚҰ - 1,32%.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,98%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 40,01%, басқа валюталарда – зейнетақы активтері портфелінің 0,01%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1433,06 млрд теңге, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау – 65,37 млрд теңге, шетел валютасын қайта бағалаудан – 471,14 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 840,10 млрд теңге болды. Басқа кірістер – 6,22 млрд теңге.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 1 желтоқсанда 2,82 трлн теңге. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 2024 жылдың басынан бастап 01.12.2024ж. 14,85% болды.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 78,18%, РЕПО операциялары – 17,38%, ҚРҰБ депозиттері – 4,22%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,22%.
ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады.
2024 жылдың басынан бастап 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен алынған инвестициялық кіріс – 14,46 млрд теңге. ЖМЗЖ бойынша кірістілік – 12,00%.
Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі орта және ұзақ мерзімді перспективада қамтамасыз етіледі.
ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 63,33 млрд теңгеден асады.
01.12.2024ж. жағдай бойынша "Jusan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен – 10,36 млрд теңге.
Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 29,80%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 22,44%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 11,89%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары - 8,40%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,28%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 5,87%, РЕПО – 5,49%,. Атап кетейік, портфельдің 69,14% теңгемен, 29,44% АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың 11 айында есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 1,33 млрд теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 15,24%.
"Jusan Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.12.2024ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 4,67 млрд теңге болды.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 19,81%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 16,60%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 12,75%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 13,38%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 11,91%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 10,66%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (Паи ETF) – 8,78%.
Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 73,29%, АҚШ долларымен 26,71% тең.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 602,50 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 14,46%.
"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.12.2024ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 5,37 млрд теңге.
Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 26,61%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 15,96%, РЕПО – 13,09%, ҚР ЕДБ облигациялары – 12,19%, ҚР ҚМ МБҚ – 10,77%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 7,86%, пайлар (ETF индекстеріне) – 5,24%.
Ұлттық валютадағы инвестициялар - портфельдің 82,72%, АҚШ долларымен 17,28%.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың 11 айына есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 660,06 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 13,91%.
"BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.12.2024ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 1,77 млрд теңге.
ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 20,66% инвестицияланды, РЕПО – 22,64%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 12,26%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 11,14%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 10,17%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,95%, АҚШ мемлекеттік облигациялары – 5,65%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 76,71%, АҚШ долларында – 21,70%, канадалық долларда - 1,59% инвестицияланды.
Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 желтоқсандағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 199,51 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 14,82%.
"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 41,16 млрд теңгеден асты.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 25,77%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 13,33%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,59%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,57%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 10,46%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,52%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,27%, "кері РЕПО" (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 4,97%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 65,20%, АҚШ долларында – 34,80% инвестицияланды.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 желтоқсандағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 5,12 млрд теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 15,41%.
"Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.
[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда