"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

15.01.2025 12:22:00

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

 

1) Айтыңызшы, БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер бойынша 2025 жылы өзгерістер бола ма?

 Еңбек сіңірген демалысқа 2025 жылға дейін шыққан зейнеткерлерге БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 қаңтардан бастап 5% ұлғаяды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Әдістемеге сай, зейнетке шығатын азаматтарға ай сайын берілетін төлем былай есептеледі: төлем ала бастайтын алғашқы жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының 6,5% төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы төлем зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы төлем республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - КД) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2025 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі - 46 228 теңге).

Мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, зейнет жасына толған, олардың пайдасына жиынтығында кем дегенде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

 2) Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының 2025 жылға арналған мөлшерлемесі қандай?

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері ұлғайды. Қазір ол - 2,5%.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның жинақтаушы жүйесі жаңа құрамдауыш – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасымен (ЖМЗЖ) толықтырылды. Қолданысқа енгізілген өзгерістерге сай, әрбір жұмыс беруші қызметкерлердің кірістерінен төленетін 10% міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) бөлек, өз қаражаты есебінен 1975 жылғы 01 қаңтардан бастап туған қызметкерлерінің пайдасына қосымша жарна төлеуге міндеттелді. Жыл сайын ЖМЗЖ мөлшері кезең-кезеңімен өсіп отырады (2024 жылы 1,5%, 2025 жылы 2,5%, 2026 жылы 3,5%, 2027 жылы 4,5%) және 2028 жылы 5% жетеді.

ЖМЗЖ есептелетін сома тиісті күнтізбелік жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) кем болмауы және оның 50-еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жұмыс берушілер зейнет жасындағы, 1-ші және 2-ші топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар, әскери қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ 1975 жылдың 1 қаңтарына дейін туған адамдардың пайдасына ЖМЗЖ төлеуден босатылды.

3) Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары мұраға беріле ме?

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бірінші төлем түскен кезде автоматты түрде ашылатын және жұмыскерлердің меншігі болып табылмайтын шартты жинақтаушы шоттарға аударылады. Тиісінше, оларды мұраға қалдыруға болмайды. Жүйеден шыққан (ҚР азаматтығынан айырылған немесе қайтыс болған) адамдар үшін төленген жарналар қалған қатысушылар арасында бөлініп, өмір бойы төленетін болады.

4) Тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу ақысын төлеуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға болатын қолжетімді соманы қалай тексеруге болады?

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) жүзеге асыру, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушыға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен сенімгерлік басқаруға беруге болатын зейнетақы жинақтарының қолжетімді сомасы туралы ақпаратты мынадай тәсілдермен алуға болады:

·         БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте;

·         БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте;

·         eGov.kz веб-порталы мен eGov mobile ұялы қосымшасында.

Қадамдық нұсқаулық enpf.kz сайтында орналастырылған.      

5) Салымшы өзінің зейнетақы жинағының жай-күйін қалай қадағалай алады?

БЖЗҚ-да шот ашқан кезде шоттардың жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі болып, әдетте, enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасындағы жеке кабинет арқылы алу әдісі айқындалады. Бұл мүмкіндік шоттары бұрын ашылған тұлғаларға да берілген. Алғаш рет жүгінген кезде қарапайым тіркелу рәсімінен өту жеткілікті.

Сондай-ақ, салымшылар шоттардың жай-күйі туралы ақпаратты egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы ала алады.

Егер салымшылар (алушылар) бұрын ақпарат алудың "электрондық пошта арқылы" немесе "пошта байланысы қызметтері арқылы" тәсілдерін таңдаған болса, онда бұл тәсілдер шот иелері оларды өз бетінше (жеке кабинет немесе БЖЗҚ кеңсесі арқылы) өзгертпейінше әрекет ететін болады. Бұл ретте Сіз өз шоттарыңыздың жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде өзекті электрондық мекенжайыңыз немесе тұрғылықты мекенжайыңыз көрсетілген жағдайда ғана аласыз.

Заңнамаға сәйкес, электрондық немесе тұрғылықты мекенжайыңыз өзгерген жағдайда, бұл туралы БЖЗҚ-ға 10 күнтізбелік күн ішінде хабарлау қажет. Жаңа электрондық немесе тұрғылықты мекенжайыңыз туралы хабарламаған жағдайда, бұрынғы мекенжайыңыз бойынша жіберілген хабарлама (үзінді көшірмесі бар конверт) БЖЗҚ-ға қайтарылады және болашақта Қор салымшы (алушы) жаңа мекенжайы туралы хабардар еткен сәтке дейін ақпарат беруді (жеткізуді) жүзеге асырмайды.

Электрондық мекенжайыңызды немесе тұрғылықты мекенжайыңызды қоса алғанда, өз деректемелеріңізді БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте де өзектендіруге болады.


Просмотров 8

Тізімге оралу