Филиалды таңдаңыз:
25.05.2016
Барлық зейнетақы жарналары бойынша шарттардың жалпы саны 10,1 млн. бірліктен, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары бойынша – шамамен 9,7 млн. бірліктен асты. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 398 472 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38 835 бірлік болды.
2016 жылдың басынан бастап алынған және салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табыс 127,37 млрд. теңге болды.
Мемлекет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес төлемге құқық алған кездегі инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген жарналар мөлшерінде кепілдік береді.
БЖЗҚ-дан жасалған төлемдер мен аударымдар сомасы 2016 жылғы төрт ай ішінде 73,23 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар сомасы 6,74 млрд. тенге болды.