Филиалды таңдаңыз:
27.04.2015
2015 жылдың наурыз айындағы БЖЗҚ қызметінің қорытындысы
Биылғы жылдың 1 сәуірінде БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны барлық шарт түрі бойынша 9 986 467 бірлікті құрады. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,7 трлн. теңгеден асып түсті. 2015 жылдың бірінші тоқсанында БЖЗҚ алып, салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-ына бөлінген инвестициялық табыс – 58,25 млрд. теңге.
2015 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы – 42,43 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылған сома – 3,39 млрд. теңге.
БЖЗҚ өңірлік желісі 240 қызмет көрсету кеңсесін қамтиды. Қордың өңірлік құрылымына әр облыс орталығында, республикалық мәні бар қалаларда (Алматы және Астана), сондай-ақ облысқа бағынышты ірі қалаларда (Жезқазған және Семей) біреуден орналасқан 18 филиал кіреді. Филиалдар жанында 23 бөлімше және 199 қызмет көрсету орталығы ашылған.
Анықтамалық:
ENPF ұялы қосымшасы іске қосылғаннан бастап 2015 жылғы 1 сәуірге дейін 36 мыңнан астам жүктеу жүргізілген.
Биылғы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша е-gov порталы арқылы қызмет іске қосылғалы бері (2015 жылғы 16 ақпан) салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 10800-ден астам үзінді көшірме берілген.
БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz