Филиалды таңдаңыз:
15.07.2016
2016 жылдың бірінші жарты жылындағы таза инвестициялық табыс сомасы – 267, 21 млрд. теңге. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда инвестициялық табыс екі есеге дерлік артты. 2016 жылдың алғашқы 6 айындағы бұл көрсеткіштің 141,41 млрд. теңге болғанын еске сала кетейік.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша шарттардың барлық түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) – 10,15 млн. бірлік, олардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалғаны – шамамен 9,7 млн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша шарттар – 403 362 бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша шарттар – 39 071 бірлік. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,22 трлн. теңгеден асты. Барлық зейнетақы жинақтарының 98,6% басым бөлігін міндетті зейнетақы жарналарының есебінен жинақтар құрап отыр.
Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны бойынша бірінші орында Алматы (1 775 256 ЖЗШ), екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы (1 026 266 ЖШС), үшінші орында Қарағанды облысы (815 402 ЖЗШ). Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы бойынша да Алматы (1,2 трлн. теңге) көш бастап тұр, одан кейін Астана (593,4 млрд. теңге), ал үшінші орында Қарағанды облысы (546, 2 млрд. теңге).
2016 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы – 96,60 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 10,08 млрд. теңге.