Филиалды таңдаңыз:
20.07.2016
Осыған орай, Сіздерден қандай жағдай болмасын өз жеке деректеріңізді хабарламауды сұраймыз және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңына сәйкес БЖЗҚ-ның дербес деректерді жинауды және өңдеуді субъектінің келісімімен жүзеге асыратынын ескертеміз.
БЖЗҚ азаматтардың дербес деректерін жинайтын сұраныстар жасамайды және салымшыларға (алушыларға) әлеуметтік желілерде жеке хабарламалар жіберу арқылы өтініш білдірмейді, бұған сұранысты өңдеу үшін БЖЗҚ деректер базасына кіру қажет жағдайлар қосылмайды. Осыған қарамастан, салымшы жеке деректерін көрсетпеуге және қордың қызмет көрсету орталығына өзі баруға толықтай құқылы.
Қордың ресми парақшалары тек ақпарат таратады, сондай-ақ салымшыларға (алушыларға) үндеу жасаудың қосымша арнасы ретінде қызмет етеді.
Әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ ресми парақшаларына сілтеме қордың www.enpf.kz веб-сайтында орналасқан.
Сізден әлеуметтік желілер арқылы БЖЗҚ атынан жеке деректер сұраған жағдайда, Байланыс орталығының 8 (727) 356-10-60, 8 (727) 312-15-68 телефондары арқылы қор қызметкерлеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тегін қалааралық 1418 нөміріне хабарлауға кеңес береміз.