Филиалды таңдаңыз:
02.08.2016
Бүгін БЖЗҚ ақпараттық қолдауымен АӨҚО академиясының ұйымдастыруымен пресс-конференция өтті. Шара Қазақстанның БАҚ өкілдеріне арналған «Қаржы журналистикасы бойынша жазғы мектеп» оқу бағдарламасы үшін ұйымдастырылды.
Тренинг 18-19 тамызда Алматыда және 25-26 тамызда Астанада өтеді.
Мектептің басты оқытушысы – Қазақстанның қаржы саласында 30 жылдық еңбек өтілі бар, «Үздік қаржыгер – 2013» атағының иегері тәжірибелі сарапшы Светлана Хайруллина.
Оқу курсы журналистердің сұрақтары, сонымен қатар қатысушылардың байқау өтініштері негізінде «Зейнетақы жүйесі жайлы неге көбірек білгім келеді» деген тақырыппен әлеуметтік медиаларда жарияланған жазбаларының негізінде құрастырылды.
Өңірлік БАҚ өкілдері үшін жол мен жатын орын ақысын өтеп беретін 4 грант қарастырылған. Гранттар үздік қатысушыларға беріледі. Байқауға өтініштер 11 тамыз 2016 жыл, сағат 12:00-ге дейін қабылданады.
Байқау нәтижесі 15 тамыз 2016 жылы сарапшылар комитетімен қорытындыланады және ұйымдастырушылардың ресми сайттарында жарияланады.