Филиалды таңдаңыз:
09.08.2016
2016 жылғы 8 тамызда Астана қаласындағы «БЖЗҚ» АҚ филиалының Ақмол ауылындағы Қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылуы өтті, орналасқан мекенжайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, С.Мұқанов көшесі, 32.
Іс-шараға ауданның жоғары лауазымды тұлғалары: Ақмола облысы Целиноград ауданының әкімі аппаратының басшысы Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы, Целиноград ауданы әкімінің аппараты Ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы Толқынбек Жәнібек Толқынбекұлы, Ақмол ауылының әкімі Дүйсекеев Жанат Төлеуұлы, Ақмола облысы бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы – «Әлеуметтік төлемдердің ведомствоаралық есеп айырысу орталығы» департаменті Целиноград аудандық бөлімшесінің басшысы Әбдіғалиева Нұржамал Рахымтайқызы қатысты.
Жаңа Қызмет көрсету орталығының жұмыс уақыты: түскі үзіліссіз 9:00-18:00 (дүйсенбі - жұма)