Филиалды таңдаңыз:
16.08.2016
АӨҚО академиясы БЖЗҚ-ның ақпараттық қолдауымен ұйымдастырған «Қаржы журналистикасының жазғы мектебіне» қатысу үшін БАҚ пен болгөріс өкілдері арасындағы конкурс аяқталды. 2016 жылғы 11 тамызға дейін әлеуметтік желілерде #mypensionkz хэштегімен «Неге мен зейнетақы жүйесі туралы көп білгім келеді?» тақырыбында мақала жариялау конкурстың басты талабы болғанын еске сала кетейік.
Сараптау комитеті өңірлік БАҚ өкілдерінің ең үздік 4 мақаласын таңдап алды, ал олардың авторлары Алматы мен Астана қаласына барып келу және тұру шығыстарын өтейтін грант иегерлері атанды. Олар: Қызылорда қаласының тұрғыны Динара Маханова, Өскемен қаласынан Ирина Попова, Ақтау қаласынан Милана Елеусинова және Петропавл қалсынан Алёна Любушак.
Бағдарлама 18-19 тамызда Алматы қалсында, 25-26 тамызда Астана қаласында өтеді.
Тегін курс аясында қаржы және зейнетақы тақырыбына қатысты түрлі модульдер қарастырылған. Модульдер конкурсқа қатысқан журналистер мен блогерлердің мақалаларында айтылған мәселелер ескеріле отырып жасалды. Конкурс барысында медиа өкілдері барлығы 50 мақала жазған.
Мектептің басты тренері – Қазақстанның қаржы саласында 30 жыл жұмыс істеген «Үздік қаржыгер – 2013» атағын алған сарапшы-практик Светлана Хайруллина. Конкурстың қорытындысы бойынша қатысушылар АӨҚО академисында қаржы журналистикасы бағдарламасы бойынша оқудан өткендігі туралы сертификаттар алады.