Филиалды таңдаңыз:
22.09.2016
«БЖЗҚ» АҚ Павлодар облысы филиалының жетекші маманы Темірова Гулвира халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлері арасында өткізілген «Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсету» байқауында жүлделі үшінші орынды иеленді.
Банк, коммерциялық емес сектор, шағын және ортақ бизнес саласының 15-ке жуық өкілдері өз білімдерін сынамаққа бел буды. Байқауға қатысушылар арасында «БЖЗҚ» АҚ-ның өкілдерімен қатар «Қазақтелеком», «Водоканал и К», «Павлодарэнерго», «Ертіс» қонақүйі, «Автокомбинат», «Альфа банк», «Langberry» және тағы басқа ұйымдар болды.
Үміткерлерге өз бағаларын берген қазылар алқасының қатарында Қазақ тілінің жетік мамандары – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы олыстық филиалының төрағасы С.Әйтенов, ПМУ-дың «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Қ.Ерғалиев, Ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Г.Кәрімова, Халыққа қызмет көрсету орталығының тіл маманы З.Рахымжанова болды.
Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Гүлсара Кокина: "Біздің басқарма негізінен мемлекеттік органдармен жұмыс жасайды. Біз мұндай конкурсты жеке ұйымдар арасында алғаш рет өткізіп отырмыз. Конкурсқа қатысушыларға мемлекеттік тілді еркін меңгеру, клиенттермен жұмыс істей білу, қызмет көрсетудегі кәсіби шеберлік, бейне роликтердің мазмұнды болуы секілді талаптар қойылды» - деп айтып өтті.