"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Филиалды таңдаңыз:
22.12.2016
БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен «Бузгул Аурум» ЖШС облигацияларын сатып алу жайындағы ақпаратқа түсінік бере отырып, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінде аталған бағалы қағаздардың жоқ екенін ресми түрде мәлімдейді. Зейнетақы активтерін инвестициялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен зейнетақы активтері есебінен сатып алуға және рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесіне және Декларацияға сай инвестициялау лимитіне сәйкес Ұлттық Банк жүзеге асырады.
Бұған enpf.kz сайтында және БАҚ-та ай сайын орналастырылатын БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне талдау жасау арқылы көз жеткізуге болады.