Филиалды таңдаңыз:
23.12.2016
2016 жылғы 22-23 желтоқсанда Алматыда «БЖЗҚ» АҚ филиал директорларының қатысуымен семинар-жиналыс өтті. Ондағы басты мақсат 2016 жылға Қор филиалдары қызметінің қорытындысын шығару және 2017 жылы оларды дамытудың негізгі бағыттарын анықтау болды.
Қор 2017-2020 жылдарға арналған өңірлік желіні дамытудың жол картасын әзірледі, оның аясында Қазақстан үшін алдыңғы қатарлы технологияларды және жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, салымшылармен (алушылармен) жұмыс жасаудың жаңа тәсілдері әзірленіп, қолданысқа енгізілетін болады.
Жол картасы аясында Қор көрсететін қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін «БЖЗҚ» АҚ-ның мобильдік кеңсесін, яғни азаматтарға барып қызмет көрсететін, көп қызметті көшпелі орталықты ендіру жоспарланып отыр.