Филиалды таңдаңыз:
16.01.2017
«БЖЗҚ» АҚ Директорлар Кеңесінің шешімімен (2017 жылғы 13 қаңтардағы №1-ші хаттама) Наурызбаева Нұрбибі Серекхажықызы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма Төрайымы болып тағайындалды.
Осыған байланысты өткен баспасөз брифингі барысында Нұрбибі Серекхажықызы Қорды дамытудың негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: Қордың салымшылары мен зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделерін қорғау, Қор қызметінің барынша ашық болуына қол жеткізу, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқаруды күшейту, сондай-ақ үздік әлемдік тәжірибелерді ескере отырып отандық жинақтаушы зейнетақы қорын реформалауға белсенді түрде қатысу.
«Осылайша, басты мақсат – қордың қызметін жақсарту, салымшылардың сеніміне ие болатын жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастыруға белсенді түрде қатысу. Бұл өз кезегінде салымшыларға құрметті демалысқа шыққанда күтілген зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді», - деді Н. Наурызбаева.