Филиалды таңдаңыз:
01.02.2017
Зейнетақы активтері бойынша кірістілік 2016 жылғы 12 ай ішінде 7,95% болды. Зейнетақы активтері бойынша кірістіліктің қаржы нарығындағы ахуалға және ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының құнына байланысты екенін айта кету керек. Инвестициялық қоржынның құрылымы туралы толық ақпарат пен инвестициялық қызметке шолу Қордың http://www.enpf.kzhttp://www.enpf.kz/upload/medialibrary/dbb/dbbb912ab96bd9190aaa36a88d5f4df9.pdf ресми сайтында жүйелі түрде орналастырылып тұрады.
2016 жылғы желтоқсан-қаңтар айларында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы – 169,69 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымына аударымдар – 22,69 млрд. теңге болды. Салыстырып қарасақ, 2015 жылғы сома 141,12 млрд. теңге және тиісінше 24,23 млрд. теңге болды. Бүгінгі күні салымшы (алушы) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, БЖЗҚ сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.