Филиалды таңдаңыз:
16.02.2017
2017 жылдың 16 ақпаны күні Қоғамдық Кеңестің алғашқы отырысы болып өтті. «БЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрайымы Наурызбаева Нұрбүбі Серекқажықызы өзінің кіріспе сөзінде Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің операторы – БЖЗҚ қызметі бүгінгі таңда әрбір қазақстандық азамат үшін маңызды мәселелердің біріне айналғандығын атап өтті.
«Жұртшылықтың мүддесін қолдап әрі зейнетақы жүйесінің барлық қатысушыларының пікірлерін ескеру керектігін түсіне отырып, біз тәуелсіз кеңесші орган ретінде БЖЗҚ жанынан Қоғамдық Кеңес құруды ұсындық. Ол жариялылық негізінде сарапшылардың, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің ерікті түрде қатысуымен құрылады», - деді Н. Наурызбаева.
Алғашқы отырыста Кеңес мүшелерінің түпкілікті құрамы бекітіліп, Қоғамдық Кеңес туралы Ереженің жобасы талқыланды. Сонымен қатар Кеңестің төрағасы сайланып, БЖЗҚ қызметінің ашықтығы туралы мәселелер талқыға салынды.