Филиалды таңдаңыз:
18.04.2017
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында «Басқарма төрайымының блогы» жаңа сервисі іске қосылды. Енді кез келген қазақстандық азамат Қордың бірінші басшысына Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметіне қатысты тікелей сұрақ қоя алады.
«Басқарма төрайымының блогы» сервисін пайдалану үшін www.enpf.kz ресми сайтының басты бетінің оң жағындағы тиісті белгішені басу керек немесе www.enpf.kz/ru/o-fonde/blog.php сілтемесі арқылы өту қажет. Сайт пайдаланушылары Блог парақшасында кішігірім өтініш білдіру нысанын толтыру арқылы сұрақ қоя алады, сонымен қатар жауап берілген сұрақтар мұрағатымен таныса алады.
Сондықтан сайт пайдаланушыларын аталмыш нысанды толтырмай тұрып, ең алдымен сұрақтар мұрағатымен танысып шығуға шақырамыз. Өйткені, онда сізді мазалаған сұраққа жауап бар болуы мүмкін. Сұрақ қоюшылардың барлығына заңнамада көрсетілген мерзім аясында жауап беріледі. Алайда жеке сипатқа ие сұрақтар мұрағатта жарияланбайды.