Филиалды таңдаңыз:
26.04.2017
Тәуелсіз аудиторлық компанияның тұжырымына сәйкес зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілік барлық тұрғыда «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпараттарды есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандартына сәйкес келеді. Бұл, зейнетақы активтерінің лайықты сақталып, дұрыс есепке алынып жатқандығын және сатып алынған қаржы құралдарының әділ бағаланғандығын көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,69 трлн. теңгені құрады. 2016 жыл бойынша зейнетақы жинақтарының өсімі 14,7%-ды құрады. Алдын ала деректер бойынша 2016 жылы зейнетақы Қорында топталған зейнетақы активтері сомасының ҚР Жалпы ішкі өнімі сомасына қатынасы 14,6 пайызды құрады. Ал зейнетақы жинақтарының жалпы сомасында инвестициялық табыстың үлесі 20,2%-ды немесе 1,35 трлн. теңге болды.
Бұдан басқа, тәуелсіз аудиторлық тексерудің қорытындысы бойынша БЖЗҚ-ның қаржылық есептілігі барлық тұрғыда Қордың 2016 жылғы 31 желтоқсандағы қаржылық жағдайын, сондай-ақ осы жылғы қаржы нәтижелері мен ақша қозғалысын дұрыс көрсететіндігі анықталды. Бұл ретте Қордың меншікті капиталы 76,3 млрд. теңгені құрады.