Филиалды таңдаңыз:
26.04.2017
"Бірінші кезекте Қоғамдық Кеңестің барлық мүшелеріне белсенді қызметі үшін алғыс айтқым келеді. Меніңше, Қоғамдық Кеңес қызметінің арқасында халықпен кері байланыс орнату айтарлықтай жақсарды. Қоғамдық Кеңес ел азаматтарының басым бөлігін алаңдататын мәселелерді көтеріп, оларды БЖЗҚ мен ҚРҰБ-не жеткізеді. Біз өз кезегімізде бұл мәселелерді жұмыс барысында қарастырамыз. Қоғамдық Кеңес мүшелеріне ақпарат табуға жан-жақты қолдау көрсетіп, Қоғамдық Кеңес мәселелері бойынша ҚРҰБ-мен кезедсулер ұйымдастырамыз. Кеңестің кейбір ұсыныстары оларды жүзеге асырудың қиындығына (заңнамаға өзгерістер енгізу және т.б.) байланысты қазіргі таңда қарастырылып, талқылану үстінде.
Қоғамдық Кеңес жұмысының мақсаты, оның барлық мүшелері мақұлдағандай, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңызды мәселелері бойынша азаматтық қоғам пікірін білдіру мен оны жетілдіруге арналған ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Бұл мақсатта Қоғамдық Кеңес құрамында жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуге арналған жұмыс тобы құрылды.
Заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылау барысында Қоғамдық Кеңестің кейбір мүшелері базалық және ортақ бөліктерді қамти отырып, бүкіл зейнетақы жүйесін реформалау қажеттігі туралы пікір білдірді. Бұл идея Қоғамдық Кеңестің барлық мүшелерінің толық қолдауын тапқан жоқ.
Қоғамдық Кеңеске 29 адам қатысатынын ескере отырып, Қоғамдық Кеңес өзінің белсенді қызметін жалғастыратынына және қоғаммен өзара байланыс жасайтын тиімді орган болатынына сенім артамыз.
БЖЗҚ өз тарапынан зейнетақы жүйесін жақсарту мақсатында Қоғамдық Кеңес жұмысына өз өкілеттігі аясында бұрынғыша барынша қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлайды."