Филиалды таңдаңыз:
15.05.2017
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының бетінде Рахым Ошақбаевтың Facebook желісіндегі парақшасындағы ақпаратына сілтеме жасала отырып жарияланған еңбекақы төлеуге бағытталған шығындардың өсіп жатқандығы туралы деректер шындыққа жанаспайды.
«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша кірістер мен шығыстар есебін оқи отырып экономист: «...еңбекақы төлеу мен іссапар шығындары екі еседен артық өсті. Биыл олардың жалпы көлемі үш ай ішінде екі миллиардқа жуық теңгені (1,96 млрд. теңге) құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл шығындар 959,2 млн. теңге болған еді», «инвестициялық портфельді басқарушыларға берілетін сыйақы 930,8 млн. теңгеге өсті, өткен жылы бұл сома 293,9 млн. теңгені құрады» - деп жазады.
Бұл ретте, әр түрлі есепті кезеңдердегі деректер өзара орынсыз салыстырылып қаралған.
2017 жылдың алғашқы тоқсанында еңбекақы төлеу мен іссапар шығындары нақты 1,96 млрд. теңгені, ал 2016 жылдың алғашқы тоқсанында 2,18 млрд. теңгені құрады. Көріп тұрғанымыздай, осы бапқа қатысты шығындар 2016 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 220 млн. теңгеге (10%-ға) азайды.
2017 жылдың алғашқы үш айында инвестициялық портфельді басқарушыларға берілген сыйақы 930,8 млн. теңгені, 2016 жылдың алғашқы үш айында БАҚ-та көрсетілгендей 293,3 млн. теңге емес 886 млн. теңгені құрады. Соманың 44,8 млн. теңгеге (5%-ға) көбейгендігі зейнетақы активтерінің 0,78 млрд. теңгеге немесе 13%-ға өскендігімен байланысты болып отыр. (2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы активтері 6,84 трлн. теңгені құрады. Ал 2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бұл көрсеткіш 6,06 трлн. теңге болған).
Автор «БЖЗҚ» АҚ кірістері мен шығыстары туралы есебінің бағаналарын шатастырып алған болса керек. Бұл Есеп Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №41-ші қаулысына сәйкес әзірленген.
Сонымен: есептің 3-ші бағанында «Есепті кезеңнің» (яғни, 2017 ж. наурызы) сомасы, 4-ші бағанада «Жыл басынан бергі есепті кезеңдегі» сомалар (өспелі қорытындымен) (яғни 2017 жылдың 1 тоқсаны), 5-ші бағанада «Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі» сомалар (яғни, 2016 жылдың наурызы) және 6-шы бағанада «Өткен жылдың басынан бергі сәйкес кезеңдегі (өспелі қорытындымен)» (яғни, 2016 жылдың 1 тоқсаны) сомалар көрсетілген. Осылайша, 4-ші бағананың сандарын 6-шы бағананың сандарымен салыстыру керек.
Қордың меншікті активтері бойынша егжей-тегжейлі қаржы есептілігі enpf.kz сайтында орналастырылған (корпоративтік басқару/ есептілік/ «БЖЗҚ» АҚ 2017 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша кірістер мен шығыстар есебі).