Филиалды таңдаңыз:
22.05.2017
2017 жылдың 4 айы ішінде түсімдердің жалпы сомасы 240 млрд теңгені құрады. Осы кезеңде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы 91,3 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 8,03 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, 2016 жылдың осы кезеңінде түсімдердің жалпы сомасы 219,7 млрд теңге, ал төлемдер 73,23 млрд теңге болған еді.
2017 жылдан бастап зейнеткерлер мен 1 және 2 топтағы мүгедектерге БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері артып жатыр. Егер 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлер мен 1 және 2 топтағы мүгедектерге төленетін зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшері шамамен 844 мың теңгені құраса, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап оның мөлшері 937 мың теңгені құрайды, яғни 11 пайызға өсіп отыр.