Филиалды таңдаңыз:
20.06.2017
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваның республика өңірлеріне іссапары жалғасуда. Бүгін 20 маусымда БЖЗҚ Басқарма төрайымы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесу барысында жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жай-күйі, облыс тұрғындарын қамтуы, тұрғындарға ақпарат беру және олардың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы мен Ақтөбе облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Соған сәйкес алдағы уақытта аталған мәселелерді шешу және әрбір салымшының стратегиялық зейнетақы капиталының негізі ретінде зейнетақы жарналарын дәріптеу бойынша бірлескен шаралар өткізу көзделген.