"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

22.06.2017

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының Атырау облысындағы кездесулері

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаеваның республика өңірлеріне жасаған іссапары барысында Атырау облысындағы Махамбет кентінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Облыс орталығынан 73 шақырым жерде орналасқан Махамбет ауданында бүгінде 34,1 мың адам өмір сүреді. Олардың 15 мыңнан астамы – еңбекке жарамды азаматтар.  

Аудан тұрғындары, олардың ішінде белсенді азаматтардың қатысуымен өткен кездесу барысында республика және Атырау облысы бойынша отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің деректері келтірілді. 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,99 трлн теңгені құрады. Ал 2 маусымда 7 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бері зейнетақы жинақтарының сомасы 310 млрд теңгеге артты. Ал таза инвестициялық табыс осы кезеңде 114,4 млрд теңгені құрады.     

2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жарналардың барлық түрі бойынша Атырау облысы тұрғындары жинақтарының сомасы 429,2 млрд теңге болды. Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар сомасы 421 млрд теңгеден асады. Ал бұл, республикалық көрсеткіштің 6 пайызын құрайды. 2016 жылы облыста міндетті зейнетақы жарналары бойынша орташа жарна 13,4 мың теңге болды. Бұл орташа статистикалық республикалық көрсеткіштен (9,4 мың теңге) жоғары.

Ресми деректер бойынша Атырау облысы халқының саны 594,6 мың адамды құрайды. Бұл ретте 311,8 мың адам (облыс халқының 76,8 пайызы) – экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындар. 2017 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 349,2 мың адамды құрады.   

Бұл жерде шоттар санының еңбекке жарамды тұрғындардың санынан артық екендігі көрініп тұр. Оған себеп, мұнда белгілі жағдайларға байланысты басқа өңірлердің тұрғындары да жұмыс істейді және олар да міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлейді. 

Бұл өңірде 10 989 кәсіпорын орналасқан. Олардың ішінде 103 кәсіпорын – ірі өндіріс орындары. Ал 178 кәсіпорын өз жұмыскерлерінің пайдасына айлық табыстың 5 пайызын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) ретінде зейнетақы Қорына аударады. Жарналардың бұл түрі 2014 жылдың басынан енгізілген және оны жұмыс берушілер зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына аударады. Атырау облысында міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша 18,6 мың шот (республикалық көрсеткіштің 5 пайызы) ашылған. Оларда 7,9 млрд теңге (7%) жинақталған.  

Махамбет ауданы тұрғындарымен болған кездесуде БЖЗҚ басшылығы мен қызметкерлері, ресми статистикадан басқа, отандық зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігі, зейнетақы жинақтарының қалай инвестицияланып, табыстың қалай есептелетіндігі, салымшының, жұмыс берушінің және БЖЗҚ-ның қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігі, жинақтаушы жүйеге неге белсенді түрде қатысып, тұрақты түрде зейнетақы жарналарын төлеп тұру керектігі туралы әңгімеледі. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері де сөз болды. Айта кетелік, 2018 жылдан бастап БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылатын болады. Кездесу барысында әйелдердің зейнеткерлік жасқа толу мерзімінің ұлғайтылу себептері де түсіндірілді. Әсіресе Қор қызметін жүзеге асыру  мәселелеріне көп көңіл бөлінді.

Атырау облысында БЖЗҚ-ның 10 бөлімшесі жұмыс істейді – облыстық филиал және дербес қызмет көрсету орталықтары. Оларда өткен жылы 198,6 мың операция жасалған. Бүгінгі таңда облыста 162 мыңнан астам адам жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың электрондық тәсілін таңдаған.  

Нұрбибі Наурызбаева сонымен қатар ағымдағы айдың соңына дейін Қордың сайты арқылы жаңа сервистің іске қосылатындығын айтты. Сол арқылы енді міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашуға және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен зейнетақы төлемдерін алуға өтініш жіберуге болады. Жақын болашақта бұл сервистерді электрондық үкімет порталына да енгізу көзделіп отыр.    


Просмотров 6086

Тізімге оралу