Филиалды таңдаңыз:
07.08.2017
БЖЗҚ ағымдағы жылдың басынан бастап өз қызметінің ашықтығын барынша қамтамасыз ете отырып, тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтті.
2017 жылдың алғашқы жартысында Қор кеңселерінде (республика бойынша олардың саны - 231) 3,4 миллиондай операция жасалды. Бұл қандай операциялар? Бұл, ең алдымен жеке зейнетақы шоттарын ашу, төлемдерді тағайындау, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару, жеке деректемелерді өзгерту, ақпарат алу тәсілдерін өзгерту туралы өтініштер қабылдау және басқа да операциялар. Кезек күту уақыты орташа есеппен 2-3 минутқа қысқартылды. Жалпы, кеңселерде салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету уақыты орташа есеппен 12 минутты алады.
Қызмет көрсетуден басқа, біз кең көлемде кеңес беру жұмыстарын да жүргізіп жатырмыз. Біз салымшылар мен алушыларға олардың жинақтарының сенімді қорғалғандығы, кімнің және қандай органның қандай міндеттерді атқаратындығын түсіндіреміз. 2017 жылдың алғашқы жартысында Қорға барлық байланыс арналары бойынша (Басқарма төрайымының блогын қосқанда) 192 723 өтініш келіп түскен. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда (169 159 өтініш) 14 пайызға, ал 2016 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда (72 420 өтініш) 2,7 есеге көп.
2017 жылдың екінші тоқсанында тұрғындармен және облыс әкімдерімен кездесулер өткізілді. Бұл кездесулерде өзара ынтымақтастық және маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуде бірлесе әрекет жасау мүмкіндіктері талқыланды. Әлеуметтік міндеттердің қатарында тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру және оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту жұмыстары жатады. 2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жеті облыстың әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл бағыттағы жұмыстарды біз жалғастыратын боламыз.
Қор тұрақты негізде тоқсан сайын Қордың барлық филиалында Ашық есік күнін өткізеді. Бұл – салымшылар және алушылармен тілдесудің жаңа форматы. Ағымдағы жылы 31 наурызда өткен алғашқы шара «Зейнетақы жүйесі қалай құрылған» деген тақырыпқа арналды. Оған шамамен 1500 адам қатысты. Екінші шара 30 маусымда өткізілді. Ол «Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ» тақырыбына арналды. Оған 4000-ға жуық адам қатысты.
БЖЗҚ сондай-ақ дербес түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айы ішінде кәсіпорындар мен ұйымдарда 6,6 мыңнан астам таныстырылымдар өткізіліп, оларға бүкіл республика бойынша 206,6 мыңнан астам адам қатысты.
Енді 2017 жылдың соңына дейін, бұған дейін өткізілген шараларды ескере отырып, 14 мыңнан астам таныстырылымдар өткізіп, оларға 350 мыңнан астам адамды қатыстыру жоспарларнып отыр.
Одан басқа, Қорда 2015 жылдан бері «Мобильдік агент» жобасы жұмыс істеп келеді. Осы жоба аясында таныстырылымдар және түсіндіру жұмыстарымен қатар қызметтердің барлық түрі көрсетіледі. Яғни, мыңдаған қазақстандыққа қызмет көрсетіледі. Өйткені олар қандай да бір себептермен, ең алдымен денсаулықтарына байланысты себептермен Қор кеңселеріне келе алмайды.Мобильдік агенттер қызмет көрсету үшін режимдік нысандарға, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдарға да барады. Зейнетақы Қоры еңбек ұжымдары мен олардың басшыларының жинақтаушы зейнетақы жүйесі, Қордың қызметі, сондай-ақ Қор кеңселеріне келмей-ақ қашықтықтан алуға болатын электрондық қызметтер туралы толық ақпарат алуға деген ниеттерін қызу қолдайды.
2017 жылдың алғашқы алты айы ішінде «Мобильдік агент» жобасы аясында 3500 мыңнан жолсапар ұйымдастырылды. 100,3 мыңнан астам операция жасалды. Олардың ішінде: жеке зейнетақы шотын ашу бойынша – 1 528 шарт жасалды; жеке зейнетақы шотынан 24 932 үзінді-көшірме берілді және хабарландыру тәсілі туралы 27 896 келісім жасалды.
2017 жылдың бірінші жартысында бұқаралық ақпарат құралдарында түсініктемелік сипатқа ие 6 900-ден астам материал жариялданды. 2016 жылдың алғашқы жартысында бұл көрсеткіш шамамен 1 230 материалды құраған. Ал бүкіл 2016 жыл ішінде ұсынылған ақпараттар бойынша 4960 астам материал жарық көрді.