Филиалды таңдаңыз:
11.09.2017
2017 жылғы 6 қыркүйекте «АПК-Инвест» Корпорациясы» ЖШС эмитенті 4-5 шығарылымдағы облигациялары бойынша 10-шы кезең үшін купондық сыйақы төлеу бойынша «БЖЗҚ» АҚ алдындағы 249 млн. теңге көлеміндегі берешегін өтеді. Сондай-ақ, эмитент 2017 жылдың 20 шілдесінен 06 қыркүйегіне дейінгі аралықтағы кезең үшін 4-5 шығарылымдағы облигациялары бойынша 10-шы кезең үшін дер кезінде купондық сыйақыны төлемегені үшін 3,5 млн теңге көлемінде өсімпұлды өтеді.
Естеріңізге сала кетелік: 2017 жылғы 20 шілдеде «АПК-Инвест» Корпорациясы» ЖШС 4-ші және 5-ші шығарылымдағы облигациялары бойынша 10-шы кезең үшін купондық сыйақыны төлеу және атаулы құнының сомасын төлеу бойынша дефолтқа жол берген болатын. 2017 жылғы 25 тамызда «БЖЗҚ» АҚ «АПК-Инвест» Корпорациясы» ЖШС атына 4-ші және 5-ші шығарылымдағы облигациялар бойынша берешектерді өтеу талабымен сотқа дейінгі кінәрат-талап жолданды.