2015 жылғы 1 қаңтар – 31 қазан аралығындағы кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 10,2%-ды құрады.
2015 жылы Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін жалпы сомасы 971,6 млрд. теңгеге инвестициялады, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялар көлемі жылдық 8,14% орташа алынған кірістілікпен 419,0 млрд. теңгеболды;
- квазимемлекеттік ұйымдардың бағалы қағаздарына инвестициялар көлемі жылдық 8,13% орташа алынған кірістілікпен 105,1 млрд. теңгеболды;
- екінші деңгейдегі банктердің қаржы құралдарына инвестициялар көлемі жылдық 9,03% орташа алынған кірістілікпен 371,6 млрд. теңгеболды;
- еурооблигацияларға инвестициялар көлемі жылдық 6,73% орташа алынған кірістілікпен 70,1 млрд. теңгеболды;
- қазақстандық эмитенттердің акцияларына инвестициялар көлемі 5,8 млрд. теңге болды.
Тұтастай алғанда, Ұлттық Банк 2015 жылы жүзеге асырған барлық жаңа инвестициялардың кірістілігі жылдық 8,33%-ды құрады.
Бүгінгі күні БЖЗҚ зейнетақы активтерінің мөлшері 5,5 трлн. теңгені құрайды.
2014 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 17,1% болды.