Филиалды таңдаңыз:
19.09.2017
2017 жылғы 29 қыркүйекте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалында биылға осымен үшінші рет Ашық есік күні шарасы өтеді. Тұрғындардың зейнетақы жүйесіне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған бұл шараның кезекті тақырыбы «Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» деп аталады.
Қазақстандықтар алдағы болатын Ашық есік күні шарасына қатыса отырып, кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, зейнетақы төлемдерінің жыл сайынғы сомасы қалай есептелетіндігі, ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі туралы толыққанды мағлұматтар алатын болады.