Филиалды таңдаңыз:
31.10.2017
2017 жылдың басынан бастап 9 ай қорытындысы бойынша салымшылардың шоттарына бөлінген таза инвестициялық табыс 462 млрд. теңгеден асып түсті. Зейнетақы активтері бойынша инвестициялық табыс қаржы нарығындағы жағдай мен ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін инвестициялаған қаржы құралдарының құнына байланысты екенін естеріңізге саламыз. Зейнетақы активтері портфелін басқару бойынша инвестициялық қызмет туралы толық ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтына орналастырылған
Ұзақмерзімді келешекте табыстылықтың теңдестірілген деңгейін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз инвестициялық стратегиясында түрлі қаржы құралдарынан тұратын әртараптандырылған инвестициялық портфель тұжырымдамасын ұстанады.
2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚР ҰБ басқаруындағы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері барлығы 7 544,70 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 6 680,14 млрд. теңгені құраған жыл басымен салыстырғанда ол 864,56 млрд. теңгеге көп (өсім шамамен 13%).
Бұл ретте БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борышқорлық қаржы құралдарын өтеуге орташа сараланған табыстылық ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жылына 7,8% құрады.
2017 жылдың 1 қазанында портфельдегі негізгі үлес – 43,27%-ды Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары құрады, олардың ағымдағы құны 3 264,72 млрд. теңге болды. Инвестицияланған зейнетақы активтерінің көлемі бойынша екінші орында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің облигациялары орналасқан, олардың портфельдегі үлесі 16,77%-ға тең. Бұл облигациялардың ағымдағы құны 1 265,47 млрд. теңгені құрады. Үшінші орында – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыңайлы ұйымдарының облигациялары. Олардың құны 852,85 млрд. теңгені, ал зейнетақы активтері портфеліндегі үлесі – 11,3% құрады.
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің сенімгерлік басқарудағы инвестициялық портфелінің құрылымы ұлттық валютада (71,12%), АҚШ долларында (28,28%) және ресей рублінде (0,49%) берілген.