Филиалды таңдаңыз:
23.11.2017
«БЖЗҚ» АҚ 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыруға және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда осы Корпоративтік даму стратегиясы аяында Қор алдына мынадай негізгі мақсаттар мен міндеттер қойылған. Олар:
Стратегияға сәйкес Қор әрбір салымшының дербес зейнетақысын жомпарлау үшін кәсіби ақылшысына айналатын болады. Себебі, «Менің зейнетақым қанша болады?» деген сауал көпшілікті мазалайды. Еңбек ету мерзімі аяқталған әрбір адамға Қор мамандары зейнетке шыққанннан кейін оның күнделікті тұрмыс қажеттілігіне жететін қаражатты қалай жинауға болатыны, қандай мөлшерде зейнетақы алатыны жайында кеңес беретін болады.
Согласно разработанной стратегии, ЕНПФ станет профессиональным консультантом и советником для каждого вкладчика по персональному планированию пенсии. Вопрос: «Какая у меня будет пенсия?» волнует очень многих. Специалисты Фонда помогут найти на него ответы, рассчитать, какие пенсионные выплаты будет получать человек после прекращения трудовой деятельности, проконсультировать, как накопить достаточно средств для обеспечения конкретных потребностей каждого человека.
Қажетті жинақты қамтамасыз етуге жол ашатын зейнетақыны жоспарлауда ерікті зейнетақы жарнасы маңызды құрам болып табылғандықтан Қор оны белсенді түрде дамытуды жоспарлауда.
Бұл үшін Қор келешекте зейнетақы калькуляторын салымшының жеке шотындағы тарихи мәліметтерді есептеу арқылы жетілдіруді қолға алмақ. Зейнетақы калькуляторының көмегімен қазірдің өзінде зейнетақының болжам есебін шығаруға болады. Біз тұрмысқа жеткілікті зейнетақыны алуға мүмкіндік беретін жарнаны анықтауға қол ұшын беретін кәсіби консультанттарды операциялық қызметкерлер арасынан дайындаймыз.
Қор зейнетақыны жоспарлауға қатысты жаңа қызмет үлесін 2021 жылдың аяғына дейін барлық көлемге шаққанда 15 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр.