"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

21.02.2018

Қоғамдық Кеңестің жетінші отырысы өтті

2018 жылдың 20 ақпанында «БЗЖҚ» АҚ-ның Қоғамдық кеңесінің жетінші отырысы өтті. Қоғамдық кеңес мүшелеріне 2017 жылдың алдын-ала қорытындылары және «БЖЗҚ» АҚ 2017-2021 жылдарға арналған даму стратегиясының» аясында  әзірленген  Операциялық қызметтерді дамыту  және Сыртқы және ішкі коммуникацияларды дамыту бағдарламалары   таныстырылды.   

 

Қор Стратегиясын жүзеге асыру барысында зейнетақы қызметтерін көрсету сапасын жетілдіру мәселесіне ерекше көңіл бөлінетіні атап өтілді.  2017 жылдың қорытындысы бойынша бұл бағытта айтарлықтай  көрсеткіштерге қол жеткізілді. Негізгі жұмыс бағыты болып саналатын зейнетақы қызметтерін көрсету барысында Қор интернет арқылы қашықтықтан қызмет көрсету, көшпелі қызмет көрсету  сияқты  заманауи қызмет көрсету әдістеріне ерекше мән беруде. 2017 жылы кәсіпорындарда 18 мың көшпелі таныстырылым ұйымдастырылып, 550 мың адам қамтылды. Облыстық әкімдіктермен жасалған Меморандумдардың аясында 208 бірлескен тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылып, оған 28 мың адам қатысты. Сонымен қатар, Қордың барлық филиалдарында әрбір тоқсан сайын Ашық есік күндерін өткізу тәжірибесі енгізіліп, шараға 14 мыңдай адам тартылды.

 

Электрондық қызмет көрсету бағытында да ілгерілеушілік байқалады. Интернет, электрондық пошта, мобильдік қосымша, байланыс орталығы, Қордың сайты, әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы қызмет көрсету, кеңес беру ауқымы айтарлықтай өсті.  2017 жылы  электрондық пошта арқылы жеке зейнетақы шотының жағдайы туралы мәлімет алушылар саны   30 пайыздан 49 пайызға артты.   Қордың 18 филиалында  Электрондық қызметтің барлық түрлерін көрсететін терминалдар орнатылды.    Ақпаратқа қолжетімділікті арттыру мақсатында Қордың сайты жаңартылып, онда Төрағаның блогы, «Қоғамдық қабылдау, «Сарапшылар профилі» атты арнайы бөлімдер жасалды. Жаңа Стратегия аясында бұл жұмыс жалғасын таппақ. 

 

Отырыста өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтарды зейнетақы жүйесіне тарту мәселесі талқыланды. Бүгінде бұл санатқа кіретін қазақстандықтар саны 2,3 млн-ға жуық. Жинақтаушы жүйеге көшуге байланысты елімізде ортақ зейнетақы жүйесімен қамтылғандар саны біртіндеп азайып,   жойылатын болады. Осыған орай, жинақтаушы жүйеге қатыспаған өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың жай-күйі болашақта еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына кері әсер етуі мүмкін.

 

Қазақстан Республикасының өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтарын зейнетақы жүйесіне тартып, оларға зейнетақы жинақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, жеке жауапкершілігін арттыру .үшін осы жылдың ақпан айынан бастап БЖЗҚ зейнетақы жарналары түспеген жеке зейнетақы шоттарын талдау жөніндегі науқан өткізуде. Салымшылардың мәлімет базасындағы 2015 – 2017 жылдар арасында ашылып, алайда бірде-бір аударым жасалмаған шоттар, сонымен қатар бұрын жарналар түскен, алайда 2017 жылы ешқандай аударым жасалмаған шоттар анықталып, тиісті мәлімет өңірлердегі филиалдарға жіберілді. Қор қызметкерлері әлгіндей азаматтармен хабарласып, зейнетақы туралы заңнама, болашақ зейнетақыны жоспарлау жолдары, жұмыспен қамту мәселелері туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізетін болады. 

 

БЖЗҚ бұдан өзге өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтарды зейнетақы жүйесіне тартудың келесі жолдарын ұсынып отыр:

«Өзін-өзі жұмыспен қамтушы» атауын  қай салада жұмыс істейтіндігіне, табыс көлеміне қарай жіктеп, олардың әрқайсысын зейнетақы жүйесіне тартудың дербес стратегиясын  жасау; Қор ресурстары, БАҚ арқылы түсіндірме жұмыстарын күшейту; жергілікті және мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты күшейту; жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тартудың материалдық және материалдық емес ынталандыру әдістерін қалыптастыру (мемлекет тарапынан қосалқы жарна төлеу, жағдайы төмен азаматтарға салықтық жеңілдіктер қарастыру, еңбек өтелімін зейнетақы жарналарының жүйелілігіне қарай есептеу) сынды шаралар бар.

 

Кеңес мүшелері өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды зейнетақы жүйесіне тартуға қатысты өз көзқарастарын білдірді. Бірқатар сарапшылар зейнетақы жүйесіне тарту үшін реттемелік, әкімшілік, ынталандыру әдістерін қолдануды ұсынды. Барлық ұсыныстар талқылаудан өтіп, жетілдірілген соң Ұлттық банкке, одан соң Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне жолданады.

 

Сонымен қатар, зейнетақы қызметтерін одан әрі жетілдіру жолдары талқыланды. Басқарма Төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева хабарлағандай, қазіргі кезде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі зейнетақы заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізуді ұсынып отыр.  Онда базалық және жинақтаушы жүйелерден зейнетақы алу, инфляция деңгейіне байланысты мемлекеттік кепілдік аясында төлемақы алуға жолданатын арыздарды біріктіру көзделген. Қор өз тарапынан   зейнетақы шотын ашуды жеке идентификациялық номірмен байланыстырып, автоматтандыруды  ұсынып отыр. Бұл жағдайда салымшыға БЖЗҚ-ға арыз жазып, келісімге отырудың қажеті жоқ, оның шоты бірінші жарна түскен сәттен бастап іске қосылатын болады.

 

Қоғамдық кеңестің келесі отырысын 2018 жылдың сәуір айында өткізу жоспарланып отыр.


Просмотров 5194

Тізімге оралу